Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда бастауыш сынып оқушылары мектепке бармайды

© Sputnik / Владислав Воднев Школьники зимой
 Школьники зимой - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтанда дәстүрлі форматта білім алатын бастауыш сынып оқушылары үшін сабақтарды тоқтату туралы шешім ауа райына байланысты қабылданды

НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы елордада бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылғанын хабарлады.

"2020 жылдың 21 желтоқсанында ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауысады", - делінген білім басқармасы таратқан хабарламада.

Қазгидрометтің хабарлауынша, күндіз елордада ауа температурасы минус 18 градусқа дейін көтеріледі.

Еске сала кетейік, наурыз айынан бастап қазақстандық оқушылар қашықтан оқып жатыр, мектептерде кезекші сыныптар ашылды, оған ата-аналарының шешімі бойынша бастауыш сынып оқушылары бара алады.

Оқи отырыңыз: Оқушылар үшінші тоқсанда қалай оқиды - комиссия шешім қабылдады 

Жексенбіде үшінші тоқсанда 9, 11, 12 сынып оқушылары үшін аралас білім беру қарастырылып отырғаны белгілі болды (пәндердің 70% - дәстүрлі форматта, 30% - қашықтан).

Жаңалықтар
0