Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда 16 желтоқсанда отшашу бола ма?

© Sputnik / Абзал КалиевСолнце просвечивает сквозь ажурную конструкцию Байтерека
Солнце просвечивает сквозь ажурную конструкцию Байтерека - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елорда басшылығы тұрғындарды барлық санитарлық норманы, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға және бетперде тағуға шақырды

АЛМАТЫ, 11 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында 16 желтоқсанда мерекелік отшашу болмайды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"16 желтоқсанда отшашу болмайды. Тұрғындарды барлық санитарлық талапты сақтауға, әлеуметтік арақашықтықты сақтап, бетперде тағуға шақырамыз", - деді әкімдікте.

Айта кетейік, 16 желтоқсанда Қазақстанда Тәуелсіздік күні тойланады.

Нұр-Сұлтан қаласы 10 желтоқсаннан бастап коронавирустың "қызыл" аймағына кірді.

Қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева қаланың карантинге жабылмайтынын айтты.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар желтоқсан айында қанша күн демалады 

Айта кетейік, Алматы қаласының мәдениет басқармасы Жаңа жылда қалада отшашу болмайтынын хабарлады.

Жаңалықтар
0