Елорда тынысы

Астаналық оқу орнының қызметкерлері Тоқаевтан көмек сұрап, бейнеүндеу жолдады

© Photo : Скриншот с Youtube-канала колледжаВидеообращение преподавателей гуманитарного колледжа Нур-Султана к Токаеву
Видеообращение преподавателей гуманитарного колледжа Нур-Султана к Токаеву - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Гуманитарлық колледж 1928 жылы құрылған. Сол уақыттан бері оқу орны қала мен аймақтарды педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етті

АЛМАТЫ, 2 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтан гуманитарлық колледжінің қызметкерлері президент пен білім министрі атына оқу орнын жаппау және оны "Астана" университетінің сенімді басқаруына бермеу туралы үндеу жолдады.

Колледж тағдыры кейінгі бес жыл бойы шешіліп келеді. 2019 жылдың 19 тамыздағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарты бойынша Нұр-Сұлтан әкімдігінің "Гуманитарлық колледжін" "Астана Халықаралық университетінің" сенімді басқаруына беру көзделген. Оның ішінде колледжге тиесілі жер учаскесі, оқу корпусы, жатақханалар мен барлық кадрлық құрам және студенттер де бар.

Алайда 2020 жылы қала әкімдігінің 2020 жылдың 11 қыркүйектегі гуманитарлық колледжді қайта ұйымдастыру туралы қаулысымен оқу орны Қоғамдық тамақтану және сервис колледжіне қосылды. Ал ол колледж педагогикалық мамандықтар бойынша кадр даярламайды.

"Қаулыға сәйкес мүлік және сенімді басқаруға байланысты барлық қызмет берілді. Ұжыммен өткен жиналыста білім басқармасының өкілдері қайта ұйымдастыру рәсімі педагогикалық ұжымға да, колледж әкімшілігіне де әсер етпейтінін айтты. Алайда білім басқармасының 13 қарашадағы бұйрығымен колледж директоры мен директордың барлық орынбасары жұмыстан босатылды. Оқу жылының ортасында колледж басшысыз қалды", - делінген қызметкерлердің ұжымдық үндеуінде.

Сонымен қатар әлі күнге дейін колледждің алдағы уақытта қалай жұмыс істейтіні айтылмаған.

"Біреудің мүддесін көзделіп отырған сияқты көрінеді. Ғасырлық тарихы бар колледж құрылғанына екі жыл болмаған және білім беру қызметі нарығында өзін дәлелдемеген ЖОО-ға қандай талап бойынша беріледі. Қалада бастауыш және мектепке дейінгі білім беру бойынша педагог кадрлардың жетіспеушілігі сезілетін уақытта елордадағы жалғыз педагогикалық колледждің жабылуы педагог кадрлардың азаюына, кадр даярлау сапасының төмендеуіне әкеледі. Өйткені білім алушылардың ата-анасы оқу орнын таңдау кезінде бірінші кезекте колледж имиджіне қарайды", - деп нақтылады колледж қызметкерлері.

Сонымен қатар гуманитарлық колледж қызметкерлері Қасым-Жомарт Тоқаевтан, білім және ғылым министрінен колледжді "Астана" халықаралық университетіне сенімгерлік басқаруға бермеуді сұрады.

Білім басқармасы не дейді

Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының хабарлауынша, "Гуманитарлық колледжді"  "Астана Халықаралық университетіне" сенімгерлік басқаруға беру жобасы 2019 жылы іске асырылды.

Бұл жобаға сәйкес, білім берудің оқу процесін құру үшін жеке әріптестің 1 000 орынды оқу корпусын қосып, қолданыстағы колледж базасында "Колледж-институт" педагогикалық  кешенін құру көзделіп отыр.

"Гуманитарлық колледж өз жұмысын университет жанындағы колледж ретінде жалғастырады. Бұл өз кезегінде үздіксіз білім беруді қамтамасыз ету, бюджетті оңтайландыру және білім саласына жекеменшік серіктестерді, яғни инвестиция тарту мақсатында жасалып отыр", - деді білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бұған дейін оқу орнының қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжіне қосылғаны хабарланды. Басқарманың айтуынша, қазір қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі "Астана Халықаралық университетіне" сенімгерлік басқаруға берілу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Азаматтық кодексте  "Заңды тұлғаның қызметін тоқтату" туралы ұғым жоқ. Кодексте "Заңды тұлғаның қызметін қайта құру және тарату" ұғымы қарастырылған. Осыған орай "Гуманитарлық колледж"  "Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжіне" біріктірілді. Бұдан әрі қарай біріктірілген колледж "Астана халықаралық университетіне" сенімгерлік басқаруға тапсырылады", - деп түсіндірді білім басқармасы.

Гуманитарлық колледж 1928 жылы құрылған. Сол уақыттан бері оқу орны қала мен аймақтарды педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етті. Қазір оқу орнында 1 748 студент білім алып жатыр және 250-ден астам оқытушы мен қызметкер жұмыс істейді.

Жаңалықтар
0