Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда төтенше оқиға болды: арнайы комиссия құрылды

© Photo : Акимат Нур-СултанаАким Нур-Султана Алтай Кульгинов провел совещание с медиками столицы
Аким Нур-Султана Алтай Кульгинов провел совещание с медиками столицы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Отыздан астам адам зардап шегіп, оқиға орнында бір адам көз жұмды. Әкім марқұмның отбасына көмек көрсетілетінін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша – Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Шұбар шағын ауданындағы жарылыс себебін анықтау үшін арнайы комиссия құруды тапсырды.

"Газ баллон жарылған кезде бөлмеде болған қыздың отбасы мен туыстарына көңіл айтамын. Марқұмның отбасына көмек көрсетіледі. Төтенше жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құрылды", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жедел штаб құрылып, психологиялық және ақпараттық қолдау көрсету үшін жедел желі 24-51-71, 24-51-47 ашылды. Әкім төтенше жағдайлар департаменті мен полиция департаментіне қаладағы басқа да қоғамдық тамақтану нысандарын өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырды.

Дәмханадағы жарылыс

21 қарашада сағат 12.25-те Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне хабарлама түсті. Шұбар шағын ауданында дәмхана ретінде қайта жабдықталған коттеджде газ баллоны жарылған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген бойда үй-жайдың ішінде бір адам және 15 газ баллоны бар екені анықталды. Жарылыс салдарынан ас үйдің шатыры құлаған.

Құтқарушылар бір адамды құтқарып, 15 баллонды сыртқа шығарды. Оқиға орнында бір адам көз жұмды, 30-дан астам адам зардап шекті.

Жаңалықтар
0