Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда Жаңа жыл қалай тойланады

© Sputnik / Абзал КалиевНур-Султан, виды города
Нур-Султан, виды города - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қалада мерекелік сауық-сайран тоқтатылып, мәдени іс-шаралар "онлайн" форматта өткізілуі әбден мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Елордадағы жаңа жылдық сауық-сайран туралы шешімді эпидемиологиялық жағдайды назарға ала отырып, бас санитар дәрігер қабылдайды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Нұр-Сұлтан әкімдігі.

"Жаңа жылдық іс-шараларды өткізу және олардың форматы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Қазір көріп отырғанымыздай, іс-шаралардың көпшілігі онлайн режимінде, сондай-ақ санитарлық нормалар қатаң сақтала отырып өткізіліп жатыр", - деп түсіндірді әкімнің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан әкімі астаналықтарға үндеу жасады 

Ал Ресей астанасында қазірдің өзінде барлық мерекелік шара тоқтатылғаны белгілі болды. Мұндай шешімді Мәскеу мэрі Сергей Собянин қабылдаған.

"Жаңа жылға дейін әлі 1,5 айдан астам уақыт бар, соған қарамастан мұндай жағдайда бұқаралық іс-шаралар өткізілмейтіні белгілі болып отыр. Біз бұқаралық мәдени іс-шараларға, соның ішінде Рождество мен Жаңа жылдық іс-шараларға тыйым салу туралы шешім қабылдадық", - деді Собянин "Бірінші арнаға" берген сұхбатында.

Мәскеу мэрі бұл мәлімдеме бизнес пен ұйымдастырушылар бұл іс-шараларға алдын ала ақша жұмсамауы үшін жасалғанын баса айтты.

"Жаңа жыл кесте бойынша болады, бұл отбасылық мереке және Ресейде оны үйде, отбасымен бірге тойлаудың тамаша дәстүрі қалыптасқан", - деп түйіндеді Собянин.

Жаңалықтар
0