Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

© Photo : МЧС РКНовое пожарное депо открыли в Нур-Султане
Новое пожарное депо открыли в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа өрт сөндіру депосының ғимаратында елордалық гарнизон қызметкерлері үшін жатақхана қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан – Sputnik. Елордада төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен жаңа өрт сөндіру депосының салтанатты ашылуы өтті. 

Жаңа төрт қабатты өрт сөндіру депосы Алаш ауданында салынды. Ол Байқоңыр ауданы аумағында қызмет көрсететін болады.

"Өрт сөндіру бөлімінің жалпы аумағы 4 мың шаршы метр, 6 машина орны бар. Депоның соңғы қабаттарында елордалық гарнизон қызметкерлері үшін жатақхана қарастырылған, онда 27 бөлме мен жайлы пәтер бар", - деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Өрт сөндіру депосының қызмет көрсету аймағына тіршілікті қамтамасыз ету, сауда объектілері, өнеркәсіптік базалар мен қоймалар, саяжай алаптары кіреді.​ Сонымен қатар, Ақмола гарнизонымен өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес көмек ретінде бұл бөлім Қоянды, Софиевка тұрғын үй алаптарына барады.

© Photo : МЧС РКӨрт сөндіру көліктері
Нұр-Сұлтанда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды - Sputnik Қазақстан
Өрт сөндіру көліктері

Салтанатты шара барысында Юрий Ильин мен Алтай Көлгінов гарнизонға өрт техникасы мен реанимобильдердің кілтін табыс етті. Сонымен қатар, қызметкерлерге тұрғын үй кілттері берілді. Жоғары көрсеткіштері мен кәсіпқойлығы үшін көзге түскен қызметкерлер ведомстволық наградалармен марапатталды.

Жаңалықтар
0