Елорда тынысы

Елордада сұранысқа ие мамандықтар тізімі жарияланды

© REUTERS / POOLСтроители в масках за работой
Строители в масках за работой - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астаналық жұмыспен қамту орталығы Нұр-Сұлтанда сұранысқа ие мамандықтар туралы мәліметті бөлісті

АЛМАТЫ, 8 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының билігі елорданың еңбек нарығын зерттеп, құрылыс, сауда, тамақтану және денсаулық сақтау саласындағы мамандар тапшы ие екенін анықтады. Бұл жайында қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Әсіресе, жұмысшыларға, жүк көлігі жүргізушілері мен монтаждаушыларға сұраныс жоғары. Құрылыс саласында прораб, шебер, тас қалаушы, арматурашы, инженер-сметашы, бетоншы, техникалық-өндірістік бөлім инженері, жұмысшылар қажет. Ал  сауда саласында сатушы, кассир, менеджер, супервайзер, мерчендайзер кадрлардың тапшылығы байқалады", - делінген әкімдік ұсынған ақпаратта.

Сонымен қатар елордада денсаулық сақтау саласында дәрігер, медбике, санитар жетіспейді. Тамақтану саласы бойынша да түрлі тағамдар цехына аспаз, ас үй қызметкері, наубайшы, кондитерлер қажет.

"7 қазандағы жағдай бойынша "электрондық еңбек биржасы" порталында жалақысы 100 мың теңгеге дейінгі 2 085 бос жұмыс орны, 100 мыңнан 150 мың теңгеге дейін жалақысы бар 2 090 жұмыс орны жарияланды. Жалақысы 150 мыңнан жоғары 1 537 вакансия бар", - деп нақтылады қала әкімдігі.

Сонымен қатар мүгедек адамдар үшін 356 бос жұмыс орны бар.

Жаңалықтар
0