Елорда тынысы

Астаналық әйел дүкендегі киімді киіп, ұрлап кетті - видео

© Photo : СС0 / Alterio FelinesОдежда в магазине
Одежда в магазине - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол бұған дейін парфюмерлік дүкеннен 56 мың теңгенің әтірін қолды еткен. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

АЛМАТЫ, 8 қыркүйек — Sputnik. Полицейлер MEGA Silk Way сауда-ойын сауық орталығында спорт тауарлары дүкенінен киім ұрлаған әйелді ұстады. Ол киімді киіп, ұрлап кеткен.

Астаналық полиция департаменті әйел жемпір, 3 шалбар, жейде мен аяқкиімді өлшеуге кеткенін айтты. Алайда бұдан соң киімдердің бәрін алып, дүкеннен шығып кетіп қалған.

"Киімдегі магниттері алдын алып тастап, киді. Өзінің аяқкиімін жаңа кроссовкиге ауыстырды", - деп хабарлайды полиция.

Тәртіп сақшылары әйелді ұстады. Ол киімдерді ұрлағанын мойындады.

Ол бұған дейін парфюмерлік дүкеннен 56 мың теңгенің әтірін қолды еткен.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Жаңалықтар
0