Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктің жұмыс уақыты ұзартылады

© Sputnik / Владислав ВодневГородской транспорт
Городской транспорт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елорда тұрғындары барлық санитарлық талапты сақтай отырып, автобуспен сағат 23:00-ге дейін жүре алады

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Қазақстанның астанасында қоғамдық көліктің жұмыс уақыты бір сағатқа ұзартылады.

Елордалық CTS көлік компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, қоғамдық көліктің жаңа жұмыс уақыты жұма, 28 тамыздан бастап күшіне енеді. Қазір Нұр-Сұлтанның автобустары 22:00-ге дейін бағдарға шығып жүр.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда көлік карталарының бағасы қымбаттайды   

"28 тамыздан бастап қоғамдық көліктің жұмыс уақыты сағат 23:00-ге дейін ұзартылады. Автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынады. Жол ақысын көлік картасымен, қысқа нөмірге SMS жолдау, QR-кодын сканерлеу және басқа да қолма-қол ақшасыз әдістер арқылы төлеуге болады", - деп нақтылады көлік компаниясы.  

Сондай-ақ, 28 тамызда қоғамдық көліктің алдағы демалыс күндері және 31 тамыздағы мерекелік демалыста қалай жұмыс істейтіні белгілі болады.

Айта кетейік, елордада қоғамдық көлік карантин шаралары жеңілдетілгеннен кейін 17 тамызда жұмысын қалпына келтірді. Алайда демалыс күндері автобус жүрмейді.

Жаңалықтар
0