21:00 04 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD422.87
  • EUR512.10
  • RUB5.63
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
66 0 0

Көлік карталарының бағасы 100 теңгеге қымбаттап отыр. Сондай-ақ, жеңілдікпен бір рет ақысыз шығару қызметі болмайды

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. "City Transportation Systems" ЖШС (бұрынғы "Астана LRT" ЖШС) келесі аптадан бастап көлік карталарының қымбаттайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектеп, жеңілдігі бар және азаматтардың барлық санаттары үшін көлік карталарын шығару және қайта шығарудың бағасы 500 теңге болады", - делінген ресми хабарламада.

Осылайша, көлік карталарының бағасы 100 теңгеге қымбаттап отыр. Сондай-ақ, жеңілдікпен бір рет ақысыз шығару қызметі болмайды.

Енді кезек күтпейсіз: қазақстандықтарға тегін ID-карта беріледі

"Жол ақысын төлеудің электронды жүйесі 2016 жылы енгізілген. Көлік картасының бағасы 400 теңге көлемінде бекітілді. Ол бірнеше девальвация кезінде де өзгерген жоқ", - дейді компания мамандары.

Олардың айтуынша, карталарды шығаруға жұмсалатын материалдар қымбаттаған. Ал картаның бағасы доллардың теңгеге шаққандағы бағамына байланысты. Себебі оны жасағанда бұзып ұрлаудан көп деңгейлі сақтау жүйесі бар NXP чипін қолдану, құрал-жабдықты жөндеу және техникалық қамтамасыз ету, тіркелу, фотосурет секілді басқа да мәліметтерді енгізу үшін жұмсалатын шығындар ескеріледі.

"Ал бұған дейін сатып алынған карталар жарамды және оларды ауыстырудың қажеті жоқ", - деп түсіндірді компания қызметкерлері.

Айта кетейік, бүгінде елордада қоғамдық көлікте жолақысын бірнеше тәсілмен төлеуге болады. Соның ішінде көлік картасы, қысқа нөмірге SMS жіберу, QR-кодты сканерлеу, мобильдік қосымшаларда көлік кодын енгізу, банк картасы, сондай-ақ биометрикалық мәліметтерді пайдалану арқылы жол ақысын аударуға мүмкіндік бар. Соңғы бір жарым жылдың ішінде жолаушылардың SMS/QR-код күнделікті пайдаланудың үлесі 33-35 процентті құрады. Бұл дегеніміз, әрбір үшінші сапар SMS/QR-код арқылы жасалады.

Ал жеңілдігі бар көлік карталарын ұстайтын адамдардың саны 155 мыңға жетті. Бұдан бөлек, 200 мыңнан астам оқушы  атаулы көлік карталарын пайдаланады. Нұр-Сұлтан қаласында және қала маңында тұратын және оқитын 18 жасқа толмаған балалар үшін қоғамдық көлікте жол жүру тегін. Бірақ мектеп көлік картасын міндетті түрде валидациядан өткізу керек.

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктің жүру кестесіне өзгеріс енгізілді
Автопарктердің табысы 40%-ке өскен: Нұр-Сұлтанда бір жылда не өзгерді?
Аязда баланы автобустан түсіріп кеткен жүргізуші жұмыстан қуылды
Нұр-Сұлтанда мыңдаған оқушының көлік картасына 40 мың теңгеден аударылады
Кілт сөздер:
қоғамдық көлік, Нұр-Сұлтан, көлік картасы
Загрузка...

Басты тақырып