19:53 26 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
249340

Нұр-Сұлтан қаласының 19 жастағы тұрғыны Ділнас Шәріпбаева үш бауырын өз қамқорлығына алды, енді ол қазақстандықтардан көмек сұрап отыр

АЛМАТЫ, 26 тамыз — Sputnik. 19 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, студент Ділнас Шәріпбаева қазақстандықтардан көмек сұрады. Ол бесінші тамыздан бастап төрт адамнан тұратын отбасының үлкені. Бойжеткен үш жасөспірім бауыры - екі інісі мен бір сіңлісін қамқорлығына алды.

"2007 жылы әкем жіті ми қан айналымы мен созылмалы жүрек-қан тамырларының жеткіліксіздігінен қайтыс болды. 2020 жылдың 8 шілдесінде анам Covid-19-дан көз жұмды. Бір айдан кейін, 5 тамызда үлкен ағам суға кетіп қайтыс болды. Ол небәрі 28 жаста еді. Мен бір сәтте өте қиын жағдайға тап болдым, өйткені менің қолымда 12, 14, 16 жастағы үш бауырым қалды", - дейді бойжеткен.

Анасы қайтыс болғаннан кейін бойжеткен бауырларын өз қамқорлығына алып, құжаттарын рәсімдеді. Енді ол бауырларына білім беруі керек, алайда қаржы жағынан қиналып отыр.

"Қазір жұмыс істеп, Нұр-Сұлтан қаласында пәтер жалдап жатырмын, бірақ менің тапқан ақшама балаларды асырау және үйдің ақшасын төлеу мүмкін емес. Мен үйге кезекке тұруға тырыстым, алайда үй кезегіне тұруға болатындардың бірде-бір санатына сай келмеймін. Мен 19 жастамын, маған тіпті ипотека да берілмейді", - дейді Ділнас.

Бойжеткен мұндай жағдайда кімнен көмек сұрарын білмей отыр, себебі мемлекет тарапынан үй алып беру жағдайы қарастырылмаған. Сондықтан ол барша қазақстандықтан көмек пен кеңес сұрады.

 

Загрузка...

Басты тақырып