Елорда тынысы

Маска қайда? Санитарлық қызмет Нұр-Сұлтандағы ірі базарларда рейд өткізді

© Photo : Tobias LindnerЭскалатор, архивное фото
Эскалатор, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бутиктердің барлығында бірдей санитайзерлер мен термометрия орнатылмаған. Кейбірінде әлеуметтік қашықтық сақтауға мүмкіндік жасалмағаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтандағы "Астаналық базар" және "Big Шанхай" базарларында санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылғаны анықталды.

Карантин шаралары біртіндеп алынғаннан кейін, ірі сауда және ойын-сауық орталықтары, фитнес-орталықтар, сұлулық салондары және басқа да шағын және орта бизнес нысандары қызметін қайта бастады.

Апта ішінде әкімдік, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өкілдерінен құралған елордалық мониторинг тобы кәсіпкерлердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қаншалықты сақтағанын тексеріп шықты.

"Сенбі күні полиция қызметкерлерінен және Байқоңыр ауданының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы өкілдерінен тұратын мобильді топ базарларда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қадағалады", - деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мониторинг барысында "Астаналық базар" (Артем) және "Big Шанхай" базарларында әлеуметтік қашықтық пен маска тағу тәртібін бұзу оқиғалары анықталды. Сондай-ақ бутиктердің барлығында бірдей санитайзерлер мен термометрия орнатылмаған. Кейбір бутиктерде әлеуметтік қашықтық сақтауға мүмкіндік жасалмаған.

Анықталған заң бұзушылықтар үшін Қазақстанның халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының 425-бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік жаза қолданылады.

Оқи отырыңыз: Автобустарда маскасыз отырған жолаушыларды анықтайтын жоба іске қосылды

Жалпы алғанда, 5 шілдеден бастап ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша 863 заңбұзушылық анықталды. Оның 236-сын жеке тұлғалар, 627-ін кәсіпкерлік субъектілері жасаған. Барлық жиналған материал бойынша Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті тиісті шешім шығарады.

Барлық қоғамдық орында адамдар қашықтықты сақтап, маска тағып, санитайзер қолдануы керек.

Жаңалықтар
0