Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда қала маңы автобустар қайта жүре бастады

© Photo : департамент транспортного контроля CTS Проверка билетов у пассажиров общественного транспорта
 Проверка билетов у пассажиров общественного транспорта - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдағы демалыс күндері Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көлік жүрмейді

НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз — Sputnik. 17 тамыз күні Нұр-Сұлтанда қала маңы автобустар қайта жүре бастады. Бұл туралы астаналық CTS көлік компаниясы Facebook парақшасында мәлімдеді.

"Автобустар 06:00-22:00 сағат аралығында жүреді. Қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге рұқсат етілмейді. Барлық қала маңы автобустарда дезинфекция жүргізіледі", - деп жазылған хабарламада.

Тұрғындар бетперде тағу режимін бұзбай, жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз төлеуі керек екені айтылып отыр. Айлық жол жүру бойынша қосымша хабар беріледі.

Алдағы демалыс күндері, яғни 22, 23 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көлік жүрмейді.

Бұған дейін астанада дүйсенбіден бастап қосымша 9 бағдар бойынша автобустар жүре бастайтыны хабарланған болатын.

"№ 5, 9, 10, 12, 24, 52, 54, 70, 72 бағдарлары бойынша қатынайтын автобус саны артады. Жолаушылар ағыны зерттеліп жатыр. Қажет болған жағдайда өзге бағдарлар бойынша да өзгеріс болады", - деді компанияда.

Дүйсенбі, 17 тамыздан бастап елде карантин жеңілдетілді. Тиісті шешімді мемлекеттік комиссия бекітті.

Тағы оқыңыз: Алматылық бойжеткеннің біртүрлі әрекеті желіде қызу талқыланып жатыр - видео

Жаңалықтар
0