22:36 29 Қараша 2020
Тікелей эфир
  • USD423.87
  • EUR505.25
  • RUB5.59
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
1977010

Қырық бір жастағы Әділбек Сәрсембаев астананың Алматы ауданының әкімі қызметін үш жарым жыл атқарды

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Елорданың Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев қызметінен кетті. Енді ол "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ-ның басқарма төрағасы.

"Басқа қызметке ауысыма байланысты, мен Алматы ауданының әкімі ретінде қызметімді тоқтатамын", - деп жазды Сәрсембаев фейсбуктегі парақшасында.

Экс-әкім тұрғындармен жақсы байланыс орната алғанын мақтан тұтатынын жеткізді.

"Осы уақыт ішінде тұрғындар алдында бірнеше мәрте есеп бердім, іс жүзінде тұрғындардың барлық өтінішін орындадым. Бірақ, оларда біраз шешілмеген проблема қалды, аппарат ұжымы жұмыс істеп, бұл мәселелерді шешетініне сенімдімін", - деді ол.

Сәрсембаев халыққа өзіне қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Көп ұзамай Сәрсембаевтың "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалғаны белгілі болды.

Әділбек Сәрсембаев туралы не білеміз

Ол 1978 жылы 25 тамызда Целиноградта туған.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетті тәмамдады, заңгер, экономист-менеджер. Қазақстан президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын "мемлекеттік басқару" мамандығы бойынша бітірген.

Астананың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасын басқарды. Әртүрлі жылдары елорда әкімдігі жүйесінде қызмет атқарды. Петропавл әкімінің бірінші орынбасары болды.

Алматы ауданының әкімі қызметіне 2016 жылдың қазанында тағайындалған.

Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, әкім
Загрузка...

Басты тақырып