Елорда тынысы

2020 жылы Нұр-Сұлтанда қанша отбасы жеңілдікпен пәтер алады

© Photo : сайт акимата Нур-СултанаСтроительство в Нур-Султане
Строительство в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл құрылыс көлемі үш есе ұлғаяды. Егер 2019 жылы 2900 тұрғын пәтер алса, биыл 8 мыңнан астам пәтер беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. 2020 жылы Нұр-Сұлтанда жеңілдікпен берілетін 8 мыңнан астам пәтер салынады.

Қала әкімі Алтай Көлгінов Қошқарбаев даңғылы мен Айнакөл (№23-17),  Қошқарбаев пен А 104 (жобалық атауы) көшелерінің қиылысында орналасқан бірқатар әлеуметтік тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Оқи отырыңыз: Баспанасы жоқ қазақстандықтарға 2%-тік ипотека беру жалғасады

Әлеуметтік пәтерлердің жалпы ауданы – 500 мың шаршы метр. Пәтерлер кезекте тұрған тұрмысы төмен азаматтар мен тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына есептелген.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғын үйлердің құрылысы кезінде "қадамдық қолжетімділік" қағидасын ескеру қажет екенін атап өтті. Жаңадан салынған тұрғын үйлер барлық жағынан ыңғайлы болуы керек.

"Тұрғын үйлердің қасында адамдардың тұрмыс-тіршілігіне  қажетті барлық нысан болуы керек. Жаңадан салынған үйлердің бірінші қабатында балаларға арналған шағын орталықтар, емхана, полиция пунктін, оңалту орталықтарын ашқан жөн", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Оның айтуынша, баланы мектепке не балабақшаға апару үшін қаланың басқа шетіне бару қажеттілігі туындамайды.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл құрылыс көлемі үш есе ұлғаяды. Егер 2019 жылы 2900 тұрғын пәтер алса, биыл 8 мыңнан астам пәтер беріледі", - деп хабарлады әкім.  

Сонымен бірге елордада апатты және ескі үйлердің тұрғындарын көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл 5 апатты үйді бұзып, 200-ден астам пәтер тұрғындарын көшіру жоспарланып отыр. 2019 жылы "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында ескі 8 үйдің тұрғындары қоныс аударды. 90-нан астам отбасы жаңа пәтерлерге көшті. Тұрғындарды көшіру жұмыстары 39 разъезде де жүргізілді. Үйлер мұнай базаларына жақын жерде орналасты.

Жаңалықтар
0