00:33 02 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD425.05
  • EUR509.29
  • RUB5.58
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1821)
97 0 0

Өткен аптада қаладағы дәріханаларға төрт жүз мың медициналық бетперде әкелінді, бірақ тапшылық әлі де бар

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан тұрғындары үшін бір апта ішінде бір миллион медициналық маска жеткізіледі. Бұл туралы қаланың инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы  Ерлан Бекмырзаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол өткен жұмада дәріханаларға төрт жүз мыңға жуық маска жеткізілгенін атап өтті.

"Қосымша бетперделерге келсек, біз қазір жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бір апта ішінде бір миллион маска сатып алынады",- деді ол астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, Бекмырзаев министрлікпен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті баға бекіту мәселесі талқыланғанын айтты.

19 наурыздан бастап Қазақстан астанасы мен Алматы карантинге жабылды. Елорда тұрғындары 22 наурызға дейін қала аумағына кіріп үлгеруі керек, әйтпесе шектеу алынып тасталғанға дейін күтуіне тура келеді.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда кейбір азық-түлік түрлері бес келіден артық сатылмайтын болды

Талапкер, Қараөткел, Қосшы, Жібек жолы, Шұбар елді мекендерінің тұрғындары астанаға еш кедергісіз кіріп-шыға алады.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1821)

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтан билігі тұрғындарға қаладан шығуға уақыт беріліп отырғанын айтты
Коронавирусқа қарсы вакцинаның сынақтан өтіп жатқаны белгілі болды
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Нұр-Сұлтан қаласындағы үлкен қонақ үй карантиндік нысанға айналады
Загрузка...

Басты тақырып