08:43 19 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD425.30
  • EUR501.05
  • RUB5.85
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
1522 0 0

Таңертеңнен бастап Қазақстанның астанасында барлық шұғыл қызметтің жұмысын үйлестіретін жедел штаб жұмыс істеп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар – Sputnik. Елордалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Сыздықов ауа-райының күрт нашарлауына байланысты қалада төтенше жағдай режимін енгізуді ұсынды.

"Инженерлік құрылыс-жол техникасын жұмылдыру арқылы қаланың азаматтық қорғанысының аумақтық ішкі жүйесін төтенше жағдай режиміне ауыстыруды ұсынамын. Қаладан шығар жолдың барлығында жылыну пункттерін дайындау керек" - деді жедел штабтың отырысында қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Сыздықов.

Департаменттегі және қаланың төрт ауданындағы жедел штаб авариялық-құтқару және жедел жұмыстарды үйлестіру үшін таңғы 8-ден бастап жұмыс істей бастады.

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы

Департаменттің кезекші қызметі жұмыстың күшейтілген түріне ауыстырылды, сондай-ақ Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментімен бірге өзара іс-қимыл жоспары енгізілді.

Халыққа қаладан тыс жерлерге шықпау, басшыларға қызметкерлердің жұмыс күнін қысқарту, биіктікте жұмыс істеуді тоқтата тұру ұсынылды. 

Тақырып бойынша

Түні бойы іздеген: Солтүстік Қазақстанда боранда жасөспірім адасып кетті
Ауа райына байланысты Нұр-Сұлтан қаласы мен бес облыста ескерту жарияланды
Құтқарушылар астаналықтарды жұмыстан ертерек босатуды сұрады
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, боран, ауа райы
Загрузка...

Басты тақырып