Елорда тынысы

Елордалық көпбалалы отбасыларға Екібастұздан пәтер берілді - видео

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуПәтер
Пәтер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төрт және одан да көп баласы бар отбасылар Екібастұздан үш бөлмелі пәтерге ие болды

НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр — Sputnik. Павлодар облысы Екібастұз қаласына елордадан ондаған көпбалалы отбасы көшіп барды. Қазір олар Nurly Ertis бағдарламасы бойынша үш бөлмелі және екі бөлмелі пәтерлерде тұрып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Нұр-Сұлтан әкімдігіне сілтеме жасап.

"Nurly Ertis бағдарламасы аясында астаналық 35 көпбалалы отбасы Екібастұзға көшіп барды. Бұл отбасылар осыдан бірнеше жыл бұрын республиканың түрлі аймағынан елордаға көшіп келген болатын", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімет бергендей, көпбалалы отбасыларға Павлодар облысының әкімдігі 3 бөлмелі пәтердің кілтін тапсырды. Көшіп барған азаматтарды әкімдік жұмысқа тұрғызып, балаларын тегін балабақшаға, мектепке орналастырады.

Олар қажетті барлық әлеуметтік қолдаумен қамтылатын болады, деп Жүргенбаева жаңа қоныс иелерін құттықтады.

Тағы оқыңыз: Мұқтаж жандар мешіттен көмек алу үшін не істеу керек?

"Пәтерлер жақсы, кең, жарық. Арманымыз орындалды. Енді жұмыс істеп, еңбек етіп, балаларды оқытып, өмірдің қызығына бөленеміз", - деді көпбалалы ана Рузалия Батырғалиева қуанышын жасыра алмай.

Екібастұздан пәтер алу үшін не істеу керек

Нұр-Сұлтан әкімдігі хабарлағандай, Nurly Ertis бағдарламаға қатысқысы келген астаналықтар Р. Қошқарбаев көшесі, 39 үй (М.Жұмабаев көшесі жағынан кіру) мекенжайы бойынша орналасқан "Тұрғын үй қорына" барып тіркелуі керек.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда көпбалалы отбасылардың баспанасын тегін жөндейді

Жаңалықтар
0