Елорда тынысы

Екі ұл, бір қыз: Астанада үшем дүниеге келді

© Sputnik / Сергей Венявский / Медиабанкке өтуАрхивное фото младенцев в родильном доме
Архивное фото младенцев в родильном доме - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үшем дүниеге келген отбасы егіздерді тәрбиелеп отыр

АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Елордада биылғы жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Нәрестелер № 3 перинаталды орталықта өмірге келген.

"19 ақпанда кесар тілігі арқылы бірнеше минут айырмашылығымен үшем дүниеге келді. Екі ұл мен бір қыздың салмағы 2 149 грамм, 2 290 және 2 020 грамм", - дейді перинаталды орталық дәрігерлері.

Айта кетейік, үшем дүниеге келген отбасы егіздерді тәрбиелеп отыр.

Жаңалықтар
0