Елорда тынысы

Астана әкімі үлескерлерге: оңай болмайды

© Sputnik / Владислав ВодневАстана әкімінің халықпен есептік кездесуі
Астана әкімінің халықпен есептік кездесуі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінде проблемалық нысандар саны 68-ден 29-ға дейін қысқарған

АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Астана әкімі Бақыт Сұлтанов алданып қалған үлескерлердің мәселесін 2022 жылға дейін шешуге уәде берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сұлтанов үлескерлер проблемасы өзінің жеке бақылауында екенін атап өтті.

Столовая - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Тегін тамақ, тегін жолақы" Сұлтанов жаңа әлеуметтік пакет жайлы айтты
"Біз ведомствоаралық комиссия аясында алданып қалған үлескерлермен тұрақты кездесулер өткізіп отырамыз. Бұған дейін айтқанымдай, бірден болмаса да, бұл мәселені де шешуге тырысып жатырмыз. Қолға алынған шаралар арқасында проблемалық нысандар санын 68-ден 29-ға дейін азайттық. Бұл 10 344 үлескер", - деді қала басшысы халыққа есеп беру кездесуінде.

Айтуынша, қалған нысандар бойынша жол картасы әзірленген.

"Сонымен, біздің жоспарымыз 2022 жылға дейін. Бұл жерде оңай болмайтынын түсіну керек", - деді Сұлтанов.

Қала әкімі проблеманы шешуге тиісі қаражат бөлінгенін атап өтті.

"Бірден айта кетейін, олар қайтарылатын ақша. Жұмыс жүріп жатыр. Тағы да қайталап айтамын, үлескерлік құрылыс менің жеке бақылауымда", - деп сендірді елорда басшысы.

Жаңалықтар
0