https://sputnik.kz/20220112/qaza-tapqan-politseyler-askeri-19122274.html
Қаза тапқан полицейлер мен әскерилердің балалары университетте тегін оқиды
Қаза тапқан полицейлер мен әскерилердің балалары университетте тегін оқиды
Sputnik Қазақстан
Қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі міндеттерін өтеу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің, құқыққорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің... 12.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-12T10:32+0500
2022-01-12T10:32+0500
2022-02-01T13:05+0500
білім
полицейлер
әскери сот
балалар
https://sputnik.kz/img/07e5/07/02/17514927_0:0:3640:2048_1920x0_80_0_0_5ad040248a11331fcd0d18301a8a91e7.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер мен құқық қорғаушылардың балаларына білім гранты беріледі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Өте маңызды бастама – қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі міндеттерін өтеу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің, құқыққорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің балаларына университетте оқу үшін білім грантын беру ұсынылады. Бұл да президент тапсырмасының аясында жүзеге асады", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.Сондай-ақ, халық тығыз орналасқан және білім беру саласында үлкен алшақтық байқалатын өңірлердің түлектері үшін техникалық бағыттар бойынша нысаналы гранттар бөлу жоспарланып отыр.Бұған қоса, президент тапсырмасымен техникалық бағыттарға бөлінетін мемлекеттік грант саны биыл 60%-ке дейін ұлғаяды.Министр өз сөзінде мұғалім тапшы өңірлерге үздік педагогтерді тарту үшін арнайы бағдарлама әзірленетінін айтқан болатын. Соның ішінде жалақыны арттыру бойынша тиісті коэффициент белгілеу, тұратын үйінің төлемін өтеу немесе коммуналдық қызмет төлемін өтеу сияқты ынталандыру шаралары қарастырылып жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/02/17514927_544:0:3275:2048_1920x0_80_0_0_59c63652cc152ec244b994c7201866ba.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полицейлер, әскери сот, балалар
полицейлер, әскери сот, балалар
Қаза тапқан полицейлер мен әскерилердің балалары университетте тегін оқиды
10:32 12.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі міндеттерін өтеу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің, құқыққорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің балаларына университетте оқу үшін білім грантын беру ұсынылады
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер мен құқық қорғаушылардың балаларына білім гранты беріледі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Өте маңызды бастама – қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі міндеттерін өтеу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің, құқыққорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің балаларына университетте оқу үшін білім грантын беру ұсынылады. Бұл да президент тапсырмасының аясында жүзеге асады", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.
Сондай-ақ, халық тығыз орналасқан және білім беру саласында үлкен алшақтық байқалатын өңірлердің түлектері үшін техникалық бағыттар бойынша нысаналы гранттар бөлу жоспарланып отыр.
"Білім гранты елдің жетекші жоғары оқу орындарында оқу үшін бөлінеді. Оқуын бітіргеннен кейін жас маман негізгі тұратын жері бойынша жұмыс істейді",- деді министр.
Бұған қоса, президент тапсырмасымен техникалық бағыттарға бөлінетін мемлекеттік грант саны биыл 60%-ке дейін ұлғаяды.
Министр өз сөзінде мұғалім тапшы өңірлерге үздік педагогтерді тарту үшін
арнайы бағдарлама әзірленетінін айтқан болатын. Соның ішінде жалақыны арттыру бойынша тиісті коэффициент белгілеу, тұратын үйінің төлемін өтеу немесе коммуналдық қызмет төлемін өтеу сияқты ынталандыру шаралары қарастырылып жатыр.