Білім

Министр қызу талқыланған Семейдегі жағдай туралы: жауапкершілікке тартылады

© Sputnik / Абзал КалиевМинистр образования Казахстана Асхат Аймагамбетов
Министр образования Казахстана Асхат Аймагамбетов - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2021
Жазылу
Асхат Аймағамбетов 2019 жылдың желтоқсанында қабылданған заң шеңберінде педагогтерді өзіне тән емес функцияларға тартуға тыйым салынатынын ескертті

НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан — Sputnik. Семей қаласында оқу процесіне кедергі келтіріп, мұғалімдерді көше сыпыруға жіберді деген ақпараттан соң білім және ғылым министрлігі тексеріс бастады. 

Бұған дейін әлеуметтік желіде көше сыпырып жүрген мұғалімдердің суреті жарияланған еді. Ата-аналардың бірі балаларға сабақ болмағанын айтты. Оның орнына мұғалімдерді көше сыпыруға жіберген.

© Photo : Аrnapress.kzӘлеуметтік желіде көше сыпырып жүрген мұғалімдердің суреті жарияланған еді
Министр қызу талқыланған Семейдегі жағдай туралы: жауапкершілікке тартылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2021
Әлеуметтік желіде көше сыпырып жүрген мұғалімдердің суреті жарияланған еді

Министр Асхат Аймағамбетов 2019 жылдың желтоқсанында қабылданған заң шеңберінде педагогтерді өзіне тән емес функцияларға тартуға тыйым салынатынын ескертті.

"Содан бері мұғалімдер тек тікелей функционалдық міндеттермен айналысуы керек екенін түсінуге уақыт жеткілікті болды. Мұндай бұзушылықтар үшін екі жүзге жуық басшы жазаланды. Олар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тіпті жұмыстан шығарылды", - деп жазды ведомство басшысы.

Ол шамасы, мұндай тапсырманы қала әкімінің орынбасары беріп, хат мектептерге таратылды деген болжамын бөлісті. 

"Семей қаласындағы оқиғаға байланысты білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті әкімшілік іс қозғап, тексеру жүргізіліп жатыр. Қала әкімі орынбасарының бұл жағдайға қатысы бар екені расталсав, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Біз сондай-ақ қажетті шаралар қабылдау үшін мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жүгінеміз", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар қалалық білім бөлімінің басшысы да жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0