05:55 24 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.24
  • RUB6.04
Білім
Қысқа сілтеме алу
50 0 0

IT-мамандарға деген сұраныстың артуына байланысты ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында да жаңа білім беру бағдарламасы қарастырылған

АЛМАТЫ, 13 қазан – Sputnik. Қыркүйектен бері қазақстандық жоғары оқу орындарында 300-ден астам жаңа білім беру бағдарламасы енгізілді. Олар еңбек нарығындағы сұраныс пен жұмыс берушілердің маманға қоятын талабына сәйкес әзірленген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа оқу бағдарламалары бойынша болашақ инженерлер, құрылысшы мен педагогтер, менеджерлер, экономист пен заңгерлерді және басқа да мамандар білім алады. Мысалы, ядролық медицина, smart city технологиялары, математикалық экономика, статистика және деректерді талдау, білім берудегі физика, ғылыми тарих, new media, тау-кен ісіндегі 3D модельдеу инженері, наноматериалдар және нанотехнологиялар бойынша маман даярлайды.

IT-мамандарға деген сұраныстың артуына байланысты ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында да жаңа білім беру бағдарламасы енгізілді.

"Жаңа оқу жылынан бастап университеттер big data analysis (ауқымды деректерді талдау), жасанды интеллект технологиясы, криптология, IT-құқық, digital engineering, робототехникалық жүйелер, data science, киберфизикалық жүйелер, роботтандырылған пилотсыз ұшу аппараттары, IT-менеджмент, цифрлық экономика сияқты бағдарламалар бойынша мыңдаған маманды оқытады", - деп хабарлады министрлік.

2021 жылы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына10 мыңға жуық грант бөлінді, бұл 2018 жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Сонымен қатар ЖОО-лар студенттерге жұмыс беретін IT-компаниялармен байланыс орнатып жатыр.

"Дуалды оқыту белсенді түрде енгізіліп жатыр, студенттер оқу уақытының 40%-ін кәсіпорындарда өткізеді", - деп нақтылады білім және ғылым министрлігі.

Барлық жаңа білім беру бағдарламасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасының тізіліміне енгізілген.

Тақырып бойынша

Грантқа ілікпей қалды: ақылы бөлімде оқу үшін білім кредитін қалай алуға болады
Қазақстанда тағы бір университет бас лицензиясынан айырылды
Грантқа түсетін студенттерге миллиондап ақша аударылады – министр
Білім министрі диплом сататын университеттер туралы айтты
Алтайдағы университеттер Қазақстан тарихын зерттеуге көмектеседі
Кілт сөздер:
білім, бағдарлама
Загрузка...

Басты тақырып