Білім

Министрлік "Алтын белгі" алу талаптарын қатаңдатады

© Sputnik / Владислав ВодневАлтын Белгi
Алтын Белгi - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2021
Жазылу
Бұған дейін "Алтын белгіге" үміткердің тек оқу жылы соңындағы нәтижесі есептелетін. Енді әр тоқсанның бағасы ескеріледі

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Қазақстанда "Алтын белгіні" алу талаптары қатаңдатылады, деді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

"Біз жыл сайын талаптарды кезең-кезеңімен қайта қарап келеміз. Өткен жылы талапты қатаңдату мәселесі көтеріліп, бірқатар өзгеріс енгізілді. Биыл екінші кезеңде үміткердің оқу жылы соңындағы нәтижесі ғана емес, 5-11 сынып аралығында әр тоқсанды беске аяқтауы ескеріледі", - деді Асхат Аймағамбетов.

Министрлік  мұндай талапты маңызды әрі нәтижелі деп есептейді. "Алтын белгіге" үміткер орта білімін мектепте  мемлекеттік емтиханды беске тапсырып, қорғап шығуға тиіс.

"Алтын белгі" – қазақстандық білім беру жүйесінде озат оқушыға берілетін төс белгі.

Оқи отырыңыз: ҰБТ-дағы жанжал: Қабатовтың қызы қалай "Алтын белгі" алғаны тексерілді

 

Жаңалықтар
0