Мәдениет

Jah Khalib Қазақстан ауылдарында бірнеше миллион долларға мектеп салмақшы

© Photo : InstagramJah Khalib, рэпер
Jah Khalib, рэпер - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2021
Жазылу
Бақтияр Мамедов Қазақстанның 14 өңірінде ауылдық жерде хайтек-мектептер салуды жоспарлап отыр

АЛМАТЫ, 18 тамыз – Sputnik. Jah Khalib ретінде белгілі қазақстандық рэпер Бақтияр Мамедов Қазақстанда жалпы құны шамамен 14 миллион доллар болатын заманауи мектептер салғысы келетінін айтты.


Бұл туралы ол Лаура Джугелияға Fametime Tv YouTube арнасына берген сұхбатында мәлім етті.

"Бізде 14 аймақ бар, оның ішінде 14 ауылда әрқайсының құны 800 000 – 1 миллион доллар болатын хайтек-мектеп салғым келеді", - деді Мамедов Джугелиямен бірге өзі оқыған мектепті аралау кезінде.

Ол қазір осы жоспарын жүзеге асыру үшін ақша жинап жатқанын айтты.

"Шамамен 40 жасқа дейін бұл ойымды жүзеге асырамын. Менің бұған қатысты жоспарым бар", - деді рэпер.

Jah Khalib ауылдағы мектеп оқушылары қалалықтарға қарағанда білімге көбірек ұмтылады деп санайды.

Ал мектептерді серіктестерімен бірлесе салу жоспарланған.

Оқи отырыңыз: Оқушыларға 40 мың теңгеден беріледі – әкімдік шарттарды жариялады

 

Жаңалықтар
0