Білім

Қазақстанда магистратураға түсуге құжат қабылдау басталды

© Photo : WokandapixКітаптар, иллюстрациялық фото
Кітаптар, иллюстрациялық фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2021
Жазылу
Магистратураға білім беру грантын тағайындау конкурсы 16-20 тамыз аралығында өтеді, деді министрліктегілер

АЛМАТЫ, 11 тамыз – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау басталғанын хабарлады. Ол 14 тамызға дейін жоғары оқу орындарының виртуалдық қабылдау комиссиясы арқылы жүзеге асады.

Магистратурада оқуға арналған білім беру гранттары кешенді тестілеу нәтижесі бойынша конкурстық негізде беріледі. Кешенді тестілеуге 36 965 адам қатысты.

"Құжаттарды тапсыру кезінде оқуға түсуші білім беру бағдарламасының бір тобын және үш жоғары оқу орнын көрсетеді. Магистратураға білім беру грантын тағайындау конкурсы 16-20 тамыз аралығында өтеді", - деп хабарлады жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Оның сөзінше, 2021-2022 оқу жылына магистратура бойынша 13 мыңнан астам грант бөлінді.

Оның ішінде:

  • педагогикалық мамандықтар үшін – 3642 грант;
  • инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы – 3429 грант,;
  • жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 1278;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 1233;
  • ауыл шаруашылығы мен биоресурстар саласына 527 грант бөлінді.

Білім беру гранттары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, жұмыс берушілердің кадрларға қажеттілігі негізінде бөлінген.

Білім гранты иегерлерінің тізімі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады.

Оқи отырыңыз: 2021 жылы магистратура және докторантураға түсу ережелері қандай

 

Жаңалықтар
0