Білім

Дәстүрлі оқыту форматына оралудың талаптары жарияланды

© AFP 2024 / TOBIAS SCHWARZБалалар мектепке бара жатыр, архив сурет.
Балалар мектепке бара жатыр, архив сурет. - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2021
Жазылу
Цойдың айтуынша, ұстаздар, басқа қызметкерлер және ата-аналар мектепке тек Ashyq жүйесі арқылы кіреді

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мектептерді дәстүрлі форматқа ауыстыру талаптарын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"5 тамызда білім беру нысандарына қатысты жаңа санитарлық ережелер қабылданды. Онда оқыту форматы, тамақтандыруды ұйымдастыру, корпустар, аудиториялар мен мәжіліс залдарын толтыру, зертханалық, студиялық және практикалық сабақтар, сондай-ақ жатақханадағы адам санына қатысты нақты талаптар көрсетілген", - деді Цой үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, ұстаздар, басқа қызметкерлер және ата-аналар мектепке Ashyq жүйесі арқылы кіреді. Соның көмегімен вакцина алмаған және вирус жұқтырған адамдарды анықтауға мүмкіндік бар.

"Эпидемияға қарсы санитарлық талаптарды қатаң сақтау қажет. Соның ішінде медицина қызметкерлерінің барлық ұстаздар мен оқушыларды тексеруі, бұқаралық шараларға тыйым салу, кабинеттік жүйемен оқытуды алып тастау, үзілістерді әртүрлі уақытта жасау, сондай-ақ асханаларда тамақтандыруды ұйымдастыру шараларын қатаң бақылауға алу бар", - деп атап көрсетті Цой.

Оның сөзіне қарағанда, мектепте коронавирус жұқтырған адам анықталса, карантин дифференциалды түрде енгізіледі. Сол кезде бір санитарлық режимді бұзу фактілері, инкубациялық кезеңде анықталған жағдайлар мен жақын байланыста болған адамдардың саны ескеріледі.

Айта кетері, үкімет басшысы Асқар Мамин 25 тамызға дейін мектеп мұғалімдері мен техникалық ұжымды толығымен вакциналаудан өткізуге тапсырма берді.

Ал денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, қазіргі кезде ұстаздарға вакцина салу шаралары аяқталуға жақын. 18 жастағы және одан асқан студенттерге екпе егу жұмыстары басталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Оқушылар дәстүрлі форматта білім алады – министр

 

 

Жаңалықтар
0