06:44 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Білім
Қысқа сілтеме алу
90 0 0

Үміткерлерді депутаттар, сарапшылар, инженерлік-техникалық, медициналық, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының ғалым-докторларынан тұратын тәуелсіз комиссия іріктейді

АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстандықтар тегін оқи алатын елдер саны артты, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Енді қазақстандықтарға Словакия, Әзірбайжан және Вьетнам грант бөледі. Осылайша, егер 2019 жылы білім беру саласындағы келісімдер аясында мемлекеттер тізімінде 7 ел болса, қатарға тағы үш ел қосылды.

Мемлекеттердің қатарында Венгрия, Польша, ҚХР, Украина, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан бар. Өткен екі жылда мыңға жуық қазақстандық осы елдердің жетекші жоғары оқу орындарында тегін білім алды. Биыл қазақстандықтарға 500-ге жуық грант бөлінді. Үкіметаралық гранттар аясында қазақстандықтар бакалавриат, магистратура, докторантура, резидентура бағдарламалары бойынша оқи алады, делінген министрлік таратқан ақпаратта.

"Біз "Болашақ" стипендиялық бағдарламасы бойынша ғана емес, үкіметаралық келісімдер шеңберінде де қазақстандықтарды тегін оқыту үшін елдерді көбейтіп жатырмыз. Қазақстанға оралғаннан кейін мамандар алған білімін өздері еңбек ететін саланы дамыту үшін қолданады деп үміттенеміз", - деді білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

2019 жылмен салыстырғанда конкурстық іріктеуге қатысуға ниет білдірушілер саны 15%-ке артқан.

Үміткерлерді депутаттар, сарапшылар, инженерлік-техникалық, медициналық, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының ғалым-докторларынан тұратын тәуелсіз комиссия іріктейді.

Тақырып бойынша

"Жақсылап демалып алу керек": министр Аймағамбетов неден қорқатынын айтты
Мектеп формасы міндетті бола ма – Аймағамбетов мәлімдеме жасады
Білім министрлігі оқыту форматы туралы қауесетке түсініктеме берді
"Қашықтан оқығанша, үйде отырсын": Аймағамбетов ата-ананың сұрағына не деп жауап берді
Грантқа ілікпей қалды: ақылы бөлімде оқу үшін білім кредитін қалай алуға болады
Кілт сөздер:
қазақстандықтар, білім
Загрузка...

Басты тақырып