Аңдатпа

Қазақстанда 7 желтоқсанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневТуман в Нур-Султане
Туман в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 2021 жылдың 7-17 желтоқсанында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

7 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

АЛМАТЫ
7-8 желтоқсан білім берудегі жаңа технологиялар бойынша әлемдегі ең ірі конференциялардың бірі EdCrunch Glocal өтеді. 8 жыл бұрын құрылған конференция ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Қазақстанда алғаш рет өтпек. Іс-шараға Мәскеу, Тель-Авив пен Сингапурдегі жергілікті онлайн-студиялардың спикерлері қосылады.
Биылғы конференцияның басты тақырыбы – "Жаңа білім беру тәжірибесін жобалау".  Спикерлер тізімінде әлемге танымал тұлғалар бар, олардың қатарында: "Табысты адамды қалай тәрбиелеу керек" әлемдік бестселлерінің авторы, Google кеңесшісі Эстер Войджицки, "Миға ғашық болған қыз" бестселлерінің авторы, әлемге әйгілі нейробиолог Венди Сузуки, Гарвард университеті жанындағы инновациялық білім беру бағдарламалары орталығының ғылыми қызметкері, "Инноваторларды жасау: әлемді өзгертетін жастарды қалай тәрбиелеу керек" бестселлерінің авторы Тони Вагнер, LX Design пионері, "білім беру тәжірибесін жобалау" терминінің авторы Нилс Флор. Тіркелу және қосымша ақпарат: edcrunch.online.
12.30 - "Мемлекет басшысының Жолдауы аясында Жамбыл облысының дамуы туралы" брифинг. Өтетін жері  - Орталық коммуникациялар қызметі. Спикер: Жамбыл облысының әкімі Сапарбаев Бердібек Машбекұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz
https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.
НҰР-СҰЛТАН
19.00 – "Три немецкие сонаты" спектаклі ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев, 1).
19.30 – "Гала Балет Астана Опера" спектаклі ("Astana Ballet" театры, Ұлы Дала, 9).
19.30 – "Елім деп соққан жүректер" мерекелік концерт ("QAZAQSTAN"орталық концерт залы, Мангилик ел, 10/1).
АЛМАТЫ
18.30 – "Екеуміз" спектаклі (Әуезов атындағы драма театры, Абай, 103).
19.00 – "Путешествие с романтиками" спектаклі (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяков, 35).

17 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

17-18 желтоқсанда Шынайы журналистика мектебі өтеді. Өтетін жері  - Ресей мәдениет және ғылым орталығы (Орыс үйі, Кенесары 39). Басталуы – 11.00.
Оқытушылар: Дмитрий Михайлин – "Русский Репортер" бас директоры, медиа-менеджер, Всеволод Пуля - Russia Beyond мультиплатформалық жобасының бас редакторы, Юрий Васильев –"Взгляд"интернет-редакциясының репортері, Алексей Алешковский – Ресей кинематографтар одағының сценаристер гильдасының президенті.
Шара журналистерге арналған. Қатысу үшін anorusrep.ru сайтында тіркелу қажет. "Герои поверх границ" батырмасын басу арқылы сілтемеге өтуге болады. Қатысу тегін. Курс соңында сертификат табысталады.
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауап бермейді.
 
Жаңалықтар
0