16:53 09 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD434.46
  • EUR490.29
  • RUB5.90
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
26 0 0

Sputnik Қазақстан 2021 жылдың 25-26 қарашада өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

25 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

09.00 – Қазақстанның Х азаматтық форумы: "Өзара әрекеттестік эволюциясы: донорлық көмектен толық құқықты халықаралық серіктестікке" деген тақырыпта халықаралық конференция өтеді. БАҚ-ты тіркеу үшін сілтемеге өтіңіз.

12.30 – Қазақстан президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "Мемлекет басшысының жолдауын іске асыру аясында Павлодар облысын дамыту туралы" баспасөз конференциясы өтеді. Спикер: Павлодар облысының әкімі Сқақов Әбілқайыр Бақтыбайұлы. Youtube, Facebook-тегі трансляцияға сілтемелер.

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – "Мейірімді жүрек" спектаклі ("Жастар" театры, І. Есенберлин көшесі, 10).

12.00 – "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні" жаһандық акциясы аясында өткізілетін "Қарапайым заттар" интерактивті көрмесінің ашылуы. Көрмеге бір қарағанда қарапайым көрінетін 16 зат қойылады. Алайда олардың әрқайсының артында зорлық-зомбылыққа тап болған, кей жағдайда оның құрбанына айналған қазақстандықтардың тағдыры тұр. Әр заттың тарихымен танысу үшін келушілер смартфон камерасын экспозицияның QR кодына бағыттап, зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдің оқиғасын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тыңдай алады. Өтетін орны: "Керуен" СОО.

17.00 - "Ғасырдан да ұзақ күн" спектаклі (Қ. Қуанышбаев атындағы театр, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 25/1).

19.00 – "Путешествие с романтиками" спектаклі ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

19.00 - "БАРЫС GENERATION" сериалының алдын ала көрсетілімі. Шараға "Хабар" агенттігінің өкілдері мен түсірілім командасы қатысады. Фильмнің сюжеті туралы: сериал хоккейдің қыр-сырын ашады, фильмнен көрермендер мұз айдыныдағы жетістіктің артында қаншалықты еңбектің жатқанын біледі. Фильмнің хабар арнасындағы тұсаукесері 1 желтоқсанда сағат 22.30-да өтеді.

26 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

15.45 – "Астана Балет" театрында "Фортепианоға және оркестрге арналған Каприччио" және "Тағдыр бұлтарыстары" балеттерінің премьераларына арналған  баспасөз конференциясы өтеді.

17.00 – Баспасөзге көрсету. БАҚ-ты аккредиттеу міндетті және оны 26 қараша күні сағат 12:00-ге дейін "Астана Балет" театрының баспасөз қызметі pressa@astanaballet.kz электронды поштасы арқылы тіркейді. Қосымша ақпарат алу үшін мына телефонға хабарласыңыз: + 7 777 176 66 10, Лилия Қалиева.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауап бермейді.

Загрузка...

Басты тақырып