Аңдатпа

Қазақстанда 22 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневНовый вокзал столицы "Нурлы жол"
Новый вокзал столицы Нурлы жол - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 2021 жылдың 22-25 қараша аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

22 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Киберқылмыстың алдын алу шараларына арналған онлайн-брифинг. Спикер: ІІМ криминалық полиция департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов. Сұрақтар 19 қараша 17.00-ге дейін vd_pr@mail.ru электрондық поштасына немесе  8 705 440-83-65 WhatsApp нөмірінде қабылданады.

АЛМАТЫ  

19.00 – "Мой папа меня догоняет" спектаклі (ARTиШОК театры, Гоголь көшесі, 40).

19.00 – "Славы Полунина" қар шоуы (Лермонтов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 43, Абылай хан көшесінің қиылысы).

23 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

АЛМАТЫ

15.00 – Көрсетілім алдында баспасөзге арналған брифинг өтеді. 23-26 қараша аралығында тұңғыш рет Short Anima Doc – Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен қазақстандық кинематографистер түсірген қысқаметражды, анимациялық және деректі фильмдердің көрсетілімі өтеді. Көрермендерге кіру тегін. (Short Anima Doc Достық даңғылы, 104 мекенжайындағы "Арман" кинотеатрында өтеді. Көрсетілімдер туралы қосымша ақпарат: +7 (708) 112 00 96, Диана Тұрсын. Баспасөзге арналған байланыс: + 7 777 225 70 27, Светлана Мищенко, + 7 707 347 83 59, Жанкелді Өміралиев).

25 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - "БАРЫС GENERATION" сериалының алдын ала көрсетілімі. Шараға "Хабар" агенттігінің өкілдері мен түсірілім командасы қатысады. Фильмнің сюжеті туралы: сериал хоккейдің қыр-сырын ашады, фильмнен көрермендер мұз айдыныдағы жетістіктің артында қаншалықты еңбектің жатқанын біледі. Фильмнің хабар арнасындағы тұсаукесері 1 желтоқсанда сағат 22.30-да өтеді.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауап бермейді.

Жаңалықтар
0