Аңдатпа

Қазақстанда 19 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевУчасток дорог в центре левобережья Нур-Султана
Участок дорог в центре левобережья Нур-Султана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 2021 жылдың 19-20 қараша аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

19 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Халықаралық "Ізгілік миссиясы" бағдарламасы аясындағы гуманитарлық миссияның қорытындысы туралы брифинг.

1-21 қараша аралығында "Жас Ұлан" жасөспірімдер ұйымы халықаралық бағдарлама аясында "Ізгілік миссиясы" шарасын өткізіп жатыр. Ұйымдастырушылар Нұр-Сұлтан қаласындағы Орыс үйі, еріктілер қауымдастығы мен "Орыс гуманитарлық миссиясы" АКҰ. Миссияның мақсаты екі ел арасындағы эко-еріктілердің тәжірибе алмасуы. Шараға ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық қоғам істері жөніндегі комитетінің төрғасы Мадияр Қожахмет, республикалық "Жас Ұлан" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Динара Сәдуақасова, Нұр-Сұлтан қаласындағы Орыс үйі басшысы Алексей Коропченко мен бірінші гуманитарлық миссияның өкілдері қатысады. Өтетін жері: Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі 10, Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігі.

12.30 - Мемлекет басшысының Жолдауы аясында Түркістан облысының дамуы туралы брифинг. Өтетін жері: Орталық коммуникациялар қызметі. Спикер: Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz
https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

16.00 – Ереванда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысына арналған  Ереван – Мәскеу – Бішкек – Минск – Нұр-Сұлтан видеокөпірі. Журналистердің сұрақтарына Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми өкілі, ЕЭК коллегиясы өкілінің көмекшісі Ия Малкина жауап береді.

Үкіметаралық кеңестің отырысы кезінде ортақ нарықты тиімді қамтамасыз етуде агроөнеркәсіптік кешен дамуының болжамдары, ауылшаруашылық өнімдері, тұрмыстық тауарлар, тері, жүн, тоқыма өнімдеріне 2021-2022 жылғы сұраныс пен ұсыныстың балансы қаралады.

Трансляция Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігі мен оның Facebook-тегі парақшасында өтеді. Сұрақтарды sputnik.kazakhstan@gmail.com. электрондық поштасына жолдауға болады.

20 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

17.30 – "Астана" концерт залында "Салтанат" би ансамблінің концерті. Шара мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өтеді. Шығармашылық ұжым қазақ халық билерін, түрлі әлем халқы билерін, сондай-ақ жаңа қойылымдар ұсынады. Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: +7 (701) 641 00 68, +7 (775) 554 79 63, +7 (777) 517 89 03.

22 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Киберқылмыстың алдын алу шараларына арналған онлайн-брифинг. Спикер: ІІМ криминалық полиция департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов. Сұрақтар 19 қараша 17.00-ге дейін vd_pr@mail.ru электрондық поштасына немесе  8 705 440-83-65 WhatsApp нөмірінде қабылданады.

25 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - "БАРЫС GENERATION" сериалының алдын ала көрсетілімі. Шараға "Хабар" агенттігінің өкілдері мен түсірілім командасы қатысады. Фильмнің сюжеті туралы: сериал хоккейдің қыр-сырын ашады, фильмнен көрермендер мұз айдыныдағы жетістіктің артында қаншалықты еңбектің жатқанын біледі. Фильмнің хабар арнасындағы тұсаукесері 1 желтоқсанда сағат 22.30-да өтеді.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауап бермейді.

 

 

 

Жаңалықтар
0