Аңдатпа

Қазақстанда 29 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Тимур БатыршинПо всему парку стоят беседки, где можно отдохнуть и полюбоваться природой
По всему парку стоят беседки, где можно отдохнуть и полюбоваться природой - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 29 қыркүйек - 4 қазан аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

29 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Жетінші шақырылған Нұр-Сұлтан мәслихатының кезекті сессиясы өтеді. Шара "Zооm" платформасы арқылы ұйымдастырылады.

Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

  • Жергілікті атқарушы органның этносаралық және конфессияаралық келісім саласында Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық-саяси тұрақтылығын нығайтуға және азаматтық қоғам институттарын дамытуға бағытталған ішкі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысы туралы;
  • Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы;
  • Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттарының жобасын келісу туралы;
  • "Ақ жол" партиясының депутаттық фракциясын тіркеу туралы;
  • Нұр-Сұлтан қаласында өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды өз бетінше жұмысқа орналастыру үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және оларға сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін беру немесе ұзарту жөнінде комиссия құрамы туралы;
  • Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара қарым-қатынас жөнінде консультативтік кеңестің құрамы туралы;
  • Қалалық мәслихаттың сессияларында айтылған сын-пікірлер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы;
  • Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезекті сессиясына қарауға енгізілетін негізгі мәселелер туралы.

10.00 – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және мемлекет қайраткері Нығматжан Есенғариннің 80 жылдығына арналған «Қазақстанның көлік әлеуеті: бастауы мен келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. "Трансеуразиялық көлік маршруттары бәсекелестігінің өсуі жағдайында Қазақстан арқылы транзиттік дәліздерді дамыту"; "Цифрландыру теміржол көлігінің жұмыс істеуі тиімділігін арттырудың басты факторы ретінде"; "Қазіргі заманғы логистика мен инновациялық шешімдер" өзекті тақырыптары бойынша пленарлық сессиялар жоспарланған. Іс-шараға индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшылығы, халықаралық көлік ұйымдарының, шетелдік теміржол компанияларының өкілдері, сала ардагерлері қатысады. Іс-шараны тікелей эфирде https://www.facebook.com/railways.kz/ сілтемесі бойынша көруге болады.

12.30 - Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясы өтеді. Тақырыбы: "Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы мен мемлекеттік қолдау шаралары". Спикерлер: ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев; "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ басқарма төрағасы Берік Бекенов; "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаров. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

15:00 – ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас Ассамблея отырысы өтеді. Жиында Токиода өткен жазғы Олимпиада ойындарын қорытындылау және 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына дайындық мәселелері талқыланады. БАҚ өкілдері үшін онлайн трансляция ұйымдастырылады. Аккредиттеу 28 қыркүйек сағат 16:00-ге дейін жүргізіледі. Байланыс телефоны: +7 702 275 75 11.

12.00 – "Алдар көсе ертегілері" спектаклі (Абу-Даби Плаза, Сығанак көшесі, 14/5).

16.00 – "Путешествие по сказкам" спектаклі (Абу-Даби Плаза, Сығанак көшесі, 14/5).

19.00 –  "Қарыз бен Қаспақ" спектаклі ("Жастар" театры, І. Есенберлин көшесі, 10).

19.00 – "Бахчисарайский фонтан" спектаклі ( "Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Ромео - Джульетта" спектаклі (Nomad City Hall, Мәңгілік ел, 55/2, В2-3).

19.00 – "Кин IV" спектаклі (Горький атындағы театр, Кіші зал, Желтоксан көшесі, 11).

19.00 – " Бабалар аманаты" концерті ( "Астана" концерт залы, Кенесары көшесі, 32).

АЛМАТЫ

12.00 – "Дюймовочка" спектаклі (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

14.00 – "UniFores fest"концерт фестивалі. Негізгі қонақтар - Алексей Чумаков, "Ордa", Қайрат Нұртас және кештің құпия қонағы (Almaty Arena, Момышұлы көшесі, Рысқұлов көшесінің қиылысы).

18.30 – "Махаббат, қызық мол жылдар" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

19.00 – "Голос струн" концерті (Абай атындағы мемлекеттік опера және балет академиялық театры, Қабанбай Батыр көшесі, 110).

30 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

15.00 - Үкіметтің баспасөз орталығында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді. Спикерлер: премьер-министрдің орынбасары Р. Скляр, ауыл шаруашылығы министрі Е. Қарашөкеев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, энергетика министрі М. Мырзағалиев.

Брифинг "Хабар 24" телеарнасынан тікелей эфирде, PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде таратылады. Сұрақтарды press.kpm@gmail.com электронды мекенжайына 29 қыркүйек күнгі сағат 16:00-ге дейін жолдауға болады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00 –  Virtual Autopsy™ мәйітке сараптама жасаудың заманауи әдістері мен жобаның жаңа мүмкіндіктерінің тұсаукесері. Кездесу "Radisson Hotel Astana" ғимаратында өтеді. Шараға Ұлыбритания спикері және еліміздің медицина ғылымдарының докторлары, сот сарапшылары, патологоанатомдар қатысады. Конференцияға БАҚ өкілдері де шақырылған (Тіркелу үшін: Юлия Ахметова +7 777 384 42 85).

4 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

4-10 қазан аралығында онлайн форматта "МедИАЦия" халықаралық бағдарламасының жаңа аптасы өтеді. Оған журналистика, халықаралық қатынастар, аймақтану және өзге де факультет студенттері, магистранттары, аспиранттары және жас мамандар қатыса алады. Шара аясында Қазақстан мен Ресейдің танымал журналистерінің мастер-кластары мен лекциялары өтеді. Сұрақтар бойынша: mediaschool.mediaciya@gmail.com хабарласуға болады. Хат тақырыбына "Медиация" сөзін жазып, аты-жөніңіз мен елді көрсету қажет.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0