17:06 23 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.24
  • RUB6.04
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
47 0 0

Sputnik Қазақстан 27 қыркүйек - 4 қазан аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

27 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Қазақстанға Сауд Арабиясы инвестиция министрі Халид Аль-Фалих сапары аясында инвестициялық бизнес-форум өтеді. Форум қорытындысы бойынша меморандум мен жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі бірқатар коммерциялық құжатқа қол қойылады. Қосымша ақпарат бойынша: +7 707 959 12 96. 

Онлайн шаралар

09.30 – Astana Media Week-2021. Шараға беделді әлемдік БАҚ топ-менеджерлері, мемлекеттік аппарат өкілдері, белгілі журналистер мен Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан блогерлері қатысады. Аstana Media Week-2021 онлайн режимінде 2 күн өтеді. 

15.00 - Мемлекет басшысы жолдауын жүзеге асыру шараларына арналған брифинг. Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов қатысады. Брифинг "Хабар 24" телеарнасында, PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желідегі барлық парақшаларда көрсетіледі.

29 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Жетінші шақырылған Нұр-Сұлтан мәслихатының кезекті сессиясы өтеді. Шара "Zооm" платформасы арқылы ұйымдастырылады.

Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

  • Жергілікті атқарушы органның этносаралық және конфессияаралық келісім саласында Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық-саяси тұрақтылығын нығайтуға және азаматтық қоғам институттарын дамытуға бағытталған ішкі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысы туралы;
  • Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы;
  • Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттарының жобасын келісу туралы;
  • "Ақ жол" партиясының депутаттық фракциясын тіркеу туралы;
  • Нұр-Сұлтан қаласында өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды өз бетінше жұмысқа орналастыру үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және оларға сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін беру немесе ұзарту жөнінде комиссия құрамы туралы;
  • Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара қарым-қатынас жөнінде консультативтік кеңестің құрамы туралы;
  • Қалалық мәслихаттың сессияларында айтылған сын-пікірлер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы;
  • Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезекті сессиясына қарауға енгізілетін негізгі мәселелер туралы.

4 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

4-10 қазан аралығында онлайн форматта "МедИАЦия" халықаралық бағдарламасының жаңа аптасы өтеді. Оған журналистика, халықаралық қатынастар, аймақтану және өзге де факультет студенттері, магистранттары, аспиранттары және жас мамандар қатыса алады. Шара аясында Қазақстан мен Ресейдің танымал журналистерінің мастер-кластары мен лекциялары өтеді. Сұрақтар бойынша: mediaschool.mediaciya@gmail.com хабарласуға болады. Хат тақырыбына "Медиация" сөзін жазып, аты-жөніңіз мен елді көрсету қажет.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
Қазақстан, қыркүйек, шаралар
Загрузка...

Басты тақырып