Аңдатпа

Қазақстанда 25 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневЖители столицы на улицах города
Жители столицы на улицах города - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 25 қыркүйек - 4 қазан аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

25 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

24-25 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда "Шындықты жеткізу және әлемді қорғаушылар туралы естеліктерді сақтау" шарасы өтеді. Шараны ұйымдастырушы "Atamnyn Amanaty" қоғамдық қоры, жалпы ресейлік "Поисковое движение России" қоғамдық қозғалысы. Конференция барысында петербургтік суретші Сергей Ларенковтың "Отстоим Москву!" көрмесі өтеді.

12.00 – "Алдар көсе ертегілері" спектаклі (Абу-Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).

14.00 – "Ер Төстік" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).

16.00 – "Путешествие по сказкам" спектаклі (Абу-Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).

18.00 – "Лифт" спектаклі ("Жастар" театры, І. Есенберлин көшесі, 10).

АЛМАТЫ

11.00 – Колобок" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы, 117).

12.00 – "Приключения Буратино" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

16.00 – "Теремок" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

18.00 – "Над кукушкиным гнездом" спектаклі (Н. Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

18.00 – "Любовница" спектаклі ("Өркен" театр-студиясы, ағайынды Абдуллиндер көшесі, 38).

18.00 – "Летучая мышь" спектаклі (Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Қабанбай Батыр көшесі, 110).

18.00 – "Органная музыка" спектаклі (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35).

18.30 – "Лавина" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы, 117).

18.30 – "Махаббат, қызық мол жылдар" спектаклі (Ғ.Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

20.00 – "Самурай и Сасай" спектаклі (BUNKER, Досмұхамедов көшесі 78а).

26 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

АЛМАТЫ

7.30 – Скандинавиялық жүруден оныншы мерейтойлық марафон, Экиден командалық эстафетасы:10 км, 21,1 км, 42,2 км. Қатысу үшін тіркелу қажет (Толығырақ сайтта).

29 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Жетінші шақырылған Нұр-Сұлтан мәслихатының кезекті сессиясы өтеді. Шара "Zооm" платформасы арқылы ұйымдастырылады.

Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

  • Жергілікті атқарушы органның этносаралық және конфессияаралық келісім саласында Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық-саяси тұрақтылығын нығайтуға және азаматтық қоғам институттарын дамытуға бағытталған ішкі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысы туралы;
  • Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы;
  • Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттарының жобасын келісу туралы;
  • "Ақ жол" партиясының депутаттық фракциясын тіркеу туралы;
  • Нұр-Сұлтан қаласында өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды өз бетінше жұмысқа орналастыру үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және оларға сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін беру немесе ұзарту жөнінде комиссия құрамы туралы;
  • Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара қарым-қатынас жөнінде консультативтік кеңестің құрамы туралы;
  • Қалалық мәслихаттың сессияларында айтылған сын-пікірлер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы;
    Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезекті сессиясына қарауға енгізілетін негізгі мәселелер туралы.

4 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

4-10 қазан аралығында онлайн форматта "МедИАЦия" халықаралық бағдарламасының жаңа аптасы өтеді. Оған журналистика, халықаралық қатынастар, аймақтану және өзге де факультет студенттері, магистранттары, аспиранттары және жас мамандар қатыса алады. Шара аясында Қазақстан мен Ресейдің танымал журналистерінің мастер-кластары мен лекциялары өтеді. Сұрақтар бойынша: mediaschool.mediaciya@gmail.com хабарласуға болады. Хат тақырыбына "Медиация" сөзін жазып, аты-жөніңіз мен елді көрсету қажет.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0