16:23 23 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.24
  • RUB6.04
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
45 0 0

Sputnik Қазақстан 20 қыркүйек - 4 қазан аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

20 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

11.00 - Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу туралы брифинг. Спикер: ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысының міндетін атқарушы Жасұлан Жұманалин. Сұрақтар 17 қыркүйек сағат 18:30-ге дейін mvd_pr@mail.ru электронды поштасы немесе WhatsApp 8 705 440-83-65 арқылы қабылданады.

12.00 - "Алдар көсе ертегілері" спектаклі (Абу -Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).

16.00 - "Путешествие по сказкам" спектаклі (Абу -Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).

17.00 - "Человек подушка" спектаклі (Горький атындағы театр, Желтоқсан көшесі, 11).

21 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

АЛМАТЫ

21-22 қыркүйек күндері Алматы облысының Тамғалы Тас шатқалында орналасқан оқу-жаттығу полигонында "Жер-2021" халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Негізгі тақырыбы - "Азаматтық қорғаныс жүйесінің Алматы облысындағы қатты жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайды жою шараларына дайындығы". Оқу-жаттығуларға төтенше жағдай министрі Юрий Ильин жетекшілік етеді. Шараға Қырғызстан мен Өзбекстанның құтқарушылары да қатысады. Аккредитацияны Алматының төтенше жағдайлар департаменті жасайды. Телефондар: 8 (727) 274 51 06, 8 701 661 70 50.

23 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

11.00 - Үкіметтің баспасөз орталығында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді. Спикерлер: премьер-министрдің бірінші орынбасары Ә. Смайылов; қаржы министрі Е. Жамаубаев; ұлттық экономика министрі Ә. Ерғалиев. Брифингтің тікелей көрсетілімін PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, "ВКонтакте" әлеуметтік желілерінен және Хабар 24 телеарнасынан көре аласыздар. 

4 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

4-10 қазан аралығында онлайн форматта "МедИАЦия" халықаралық бағдарламасының жаңа аптасы өтеді. Оған журналистика, халықаралық қатынастар, аймақтану және өзге де факультет студенттері, магистранттары, аспиранттары және жас мамандар қатыса алады. Шара аясында Қазақстан мен Ресейдің танымал журналистерінің мастер-кластары мен лекциялары өтеді. Сұрақтар бойынша: mediaschool.mediaciya@gmail.com хабарласуға болады. Хат тақырыбына "Медиация" сөзін жазып, аты-жөніңіз мен елді көрсету қажет.   

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Загрузка...

Басты тақырып