Аңдатпа

Қазақстанда 9 шілдеде қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневМост через реку Есиль в Нур-Султане
Мост через реку Есиль в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 9-11 шілде аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

9 ШІЛДЕГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

8 және 9 шілдеде Нұр-Сұлтанда алғаш рет Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі және радиосы SputnikPro ағартушылық жобасының модулін өткізеді.

"Медиадағы трендтер", "Подкаст жасау және оны ілгерілету" тақырыбындағы мастер класты 8 шілдеде "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің бас редакторының орынбасары Наталья Лосева мен "Россия сегодня" ХАА Жаңа медиа дирекциясының инновациялық журналистика орталығының жетекшісі Иван Громов өткізеді.

SputnikPro қатысушыларына "Россия сегодня" мадиатобының редакциясы жайында 9 шілдеде бас редактордың орынбасары – "Россия сегодня" ХАА Бас ақпарат дирекциясының директоры Дмитрий Горностаев айтып береді.

10.00– Аstanahub.com цифрлық технопаркінің презентациясы. Astana Hub технопарктің жаңа нұсқасының тұсауын кеседі. Ол жерде барлық процесс автоматтандырылған. Технопарк резиденттері онлайн есеп тапсырып, салықтық және визалық жеңілдік алады. Стартаптарға грант берілетін болады. Жаңашылдықтар жайлы Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев пен технопарк қызметкерлерді тікелей эфирде айтып береді. Сілтеме бойынша тіркелуге болады.

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – "Алдар көсе ертегілері" қойылымы (Әбу-Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).

16.00 – "Путешествие по сказкам" спектаклі (Абу-Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).

19.00 - "PICCOLO" театрының Гаетано Доницетидің "Дон Паскуале" екі актілі драма-буфасы ("Астана Опера" әртістері).

АЛМАТЫ

12.00 – "Агрессорлармен жұмыс орталығы" жобасын іске асыруға арналған баспасөз конференциясы. Баспасөз конференциясының спикерлері: Айгүл Қанатқызы Есімбекова - Жанұя отбасын қолдау орталығының директоры, жоба жетекшісі; Ақмарал Амангелдіқызы Давлетова - психология ғылымдарының докторы, жобаның бас сарапшысы; Құрманай Серікұлы Шурабеков - психолог, халықаралық деңгейдегі жаттықтырушы, жоба сарапшысы.

9 ШІЛДЕГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

12.30 –  "Ана мен баланы әлеуметтік қолдау туралы" баспасөз конференциясы. Спикерлер: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Ниязов. Көрсетілім сілтемелері: youtube.com, facebook.com.

12.00 – "Алдар көсе ертегілері" қойылымы (Әбу-Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).

16.00 – "Дюймовочка" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы 3).

16.00 – "Ертегілерге саяхат" спектаклі (Әбу-Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).

16.00 – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында корей суретшісі Ли Инамның "Signal of Light" цифрлық өнер көрмесінің ашылуы өтеді. Көрме кеңістіктегі түс, форма, жарық айналасындағы тұрақты көркемдік ізденістердің нәтижелерін ұсынады. Ли Инамның цифрлық туындылары көрерменге бейне, дыбыс, қозғалыс арқылы шығарманы терең сезінуге мүмкіндік береді. Вернисаж Елбасы кітапханасының (Бөкейхан көшесі, 1А) көпфункционалды залының заманауи LED-экрандармен жабдықталған футуристік алаңында өтеді. Анықтама телефондары: + 7 (7172) 69-30-59, 69-30-56.

АЛМАТЫ

12.00 - "Как лечить львиный страх" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

18.00 – "Шамхат" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы, 117).

20.00 - "Я выбираю боль" спектаклі (BUNKER ART-баспана, Досмұхамедов көшесі, 78а).

10 ШІЛДЕГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 - президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді. Жиын бейнебайланыс режимінде өтеді. Отырыста Қазақстанның биылғы жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланады. Сондай-ақ Тоқаев пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономиканы дамытудың міндеттерін белгілеп береді.

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – "Алдар көсе ертегілері" қойылымы (Әбу-Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).

16.00 – "Ертегілерге саяхат" спектаклі (Әбу-Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).

16.00 – "Дюймовочка" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы 3).

19.00 – "Hassaknama 2 "Ansau" концерті (Республика сарайы, Достық даңғылы, 56).

АЛМАТЫ

11.00 – "Сказка о глупом мышонке" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы, 117).

12.00 – "Красная шапочка" спектаклі (Алматы қаласы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

20.00 – "Взломанный" қойылымы (BUNKER ART-баспана, Досмұхамедов көшесі, 78а).

11 ШІЛДЕГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

12.00 – "Алдар көсе ертегілері" қойылымы (Әбу-Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).

12.00 – "Дюймовочка" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы 3).

16.00 – "Ертегілерге саяхат" спектаклі (Әбу-Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).

18.00 – "Аида" операсы ("Астана Опера" театры, Үлкен зал, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

11.00 – "Курочка Ряба. Вязанная сказка" қойылымы ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы 117).

12.00 – "Коза-Дереза" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

20.00 – "Мертвые" спектаклі (BUNKER ART-баспанасы, Досмұхамедов көшесі, 78а).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0