20:10 15 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.81
  • EUR517.00
  • RUB5.91
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
37 0 0

Sputnik Қазақстан 2-17 маусым аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

2 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Мәжілістің жалпы отырысы. Отырыс www.parlam.kz сайтында онлайн режимінде көрсетіледі. 

11.00 – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың халық алдында есеп беру кездесуі өтеді. Есептік кездесу онлайн форматта өтеді, трансляция орталық коммуникациялар қызметінің Facebook-тегі ресми парағында және YouTube каналында тікелей эфирде көрсетіледі.

19.00 – "Собор Парижской Богоматери" спектаклі ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі 1).

19.30 – "Халық аспаптар ансамблі" концерті (Қ.Қуанышбаев атындағы театр, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі 25/1).

21.00 – "Ұйқым келмейді" спектаклі (Қ.Қуанышбаев атындағы театр, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі 25/1).

АЛМАТЫ

14.30 – "Домбыра туралы аңыз" концерті (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі 35).

18.30 – "Енелер мен келіндер" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы 38).

18.30 – "Қожанасыр тірі екен..." спектаклі (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы 103).

19.30 – "Оловянный солдатик" спектаклі ("Сахна" театры, Рысқұлбеков көшесі 28).

11 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың халыққа есеп беру кездесуі. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды жұмыс күндері сағат 10:00-18:00 аралығында Call-орталықтың 8 (7172) 71-47-93, 71-46-93 телефондары не Qriim_mvdrk@mail.kz электронды мекенжайы бойынша жолдауға болады. Есеп беру кездесуі онлайн форматта өтеді, трансляция Facebook және Instagram әлеуметтік желідегі министрліктің ресми парақшасында, YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

17 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халыққа есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимде, ZOOM арқылы, министрліктің Facebook және YouTube сайттарында тікелей эфирде өтеді. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды 10 маусымға дейін келесі байланыс құралдарын пайдалана отырып жібере аласыз: министрдің Ашық диалог порталындағы блогы, министрліктің ресми сайтындағы "сұрақ-жауап" онлайн-қабылдау, электронды пошта: mti_press@mti.gov.kz, сонымен қатар министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасы.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
Қазақстан, шаралар, оқиғалар
Загрузка...

Басты тақырып