19:17 15 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.81
  • EUR517.00
  • RUB5.91
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
74 0 0

Sputnik Қазақстан 1 – 17 маусым аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

1 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

09.00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде: санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары, балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралады. Шараны Primeмinister.kz сайтынан немесе әлеуметтік желілердегі ресми парақшалардан тікелей эфирде көруге болады.

НҰР-СҰЛТАН

15.00 – " В театр приглашают дети" спектаклі ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

15.00 – "Арыстан патша" спектаклі (Nomad City Hall, Мәңгілік Ел көшесі, 55/2, В2-3).

19.00 – "Пад знаком Белы Бартока" спектаклі ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

12.00 – "Кентервильское привидение" спектаклі (Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

14.00 – "Детство – волшебная страна" спектаклі (Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Қабанбай батыр көшесі, 110).

14.00 – "Қуыршақ думан" спектаклі (Алматы қаласы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

18.30 – "Ұмытыңдар оны" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

19.00 – "Пусть всегда будет солнце!" концерті. (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35).

6 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Сенат отырысы. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы қаралады. Келісімнің негізгі мақсаты – көші-қон саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың құқықтық негіздерін құру, заңсыз көші-қонға қарсы бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.

Сондай-ақ, сенат отырысында мәжілістен алынған бірқатар заң жобалары қаралды деп жоспарланған. Байланысу үшін 8 (7172) 74-72-27 сенаттың баспасөз қызметі.

11 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың халыққа есеп беру кездесуі. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды жұмыс күндері сағат 10:00-18:00 аралығында Call-орталықтың 8 (7172) 71-47-93, 71-46-93 телефондары не Qriim_mvdrk@mail.kz электронды мекенжайы бойынша жолдауға болады. Есеп беру кездесуі онлайн форматта өтеді, трансляция Facebook және Instagram әлеуметтік желідегі министрліктің ресми парақшасында, YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

17 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халыққа есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимде, ZOOM арқылы, министрліктің Facebook және YouTube сайттарында тікелей эфирде өтеді. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды 10 маусымға дейін келесі байланыс құралдарын пайдалана отырып жібере аласыз: министрдің Ашық диалог порталындағы блогы, министрліктің ресми сайтындағы "сұрақ-жауап" онлайн-қабылдау, электронды пошта: mti_press@mti.gov.kz, сонымен қатар министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасы.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
Қазақстан, оқиғалар
Загрузка...

Басты тақырып