Аңдатпа

Қазақстанда 31 мамырда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневЕлорда көрінісі
Елорда көрінісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 31 мамыр – 17 маусым аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

31 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

12.30 – Орталық коммуникациялар қызметінде "Шетелдік инвестиция тарту туралы" брифинг өтеді. Спикерлер: сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров, СІМ инвестициялар комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ардақ Зебешев, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов. Трансляция сілтемесі: www.youtube.com/user/ortcomkz, facebook.com/ortcomkz.

11 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың халыққа есеп беру кездесуі. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды жұмыс күндері сағат 10:00-18:00 аралығында Call-орталықтың 8 (7172) 71-47-93, 71-46-93 телефондары не Qriim_mvdrk@mail.kz электронды мекенжайы бойынша жолдауға болады. Есеп беру кездесуі онлайн форматта өтеді, трансляция Facebook және Instagram әлеуметтік желідегі министрліктің ресми парақшасында, YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

17 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халыққа есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимде, ZOOM арқылы, министрліктің Facebook және YouTube сайттарында тікелей эфирде өтеді. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды 10 маусымға дейін келесі байланыс құралдарын пайдалана отырып жібере аласыз: министрдің Ашық диалог порталындағы блогы, министрліктің ресми сайтындағы "сұрақ-жауап" онлайн-қабылдау, электронды пошта: mti_press@mti.gov.kz, сонымен қатар министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасы.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0