19:09 15 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.81
  • EUR517.00
  • RUB5.91
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
42 0 0

Sputnik Қазақстан 25 мамыр – 17 маусым аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

25 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

09.00 – Үкімет отырысы. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайты мен әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда онлайн режимде көрсетіледі. 

12.30 – "Учаскелік полиция инспекторының мәртебесін арттыру туралы" тақырыбындағы баспасөз конференциясы. Трансляция орталық коммуникациялар қызметінің Facebook-тегі ресми парағында және YouTube каналында тікелей эфирде көрсетіледі.

26 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Мәжілістің жалпы отырысы. Палатаның отырысы www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

11.00 – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халыққа есеп беру кездесуі. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды a.alieva@qogam.gov.kz, m.abdikarimov@qogam.gov.kz электрондық пошталарына немесе +7 777 893 6921 нөміріне жіберуге болады. Есептік кездесу онлайн режимде министрліктің Facebook-тегі ресми парағында және бұқаралық ақпарат құралдарында тікелей эфирде көрсетіледі.

27 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Парламент сенатының пленарлық отырысы. Сенат отырысы палатаның www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

28 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің халыққа есеп беру кездесуі. Есеп беру кездесуі министрліктің және министрдің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында онлайн форматта жүргізіледі. 

11 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың халыққа есеп беру кездесуі. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды жұмыс күндері сағат 10:00-18:00 аралығында Call-орталықтың 8(7172) 71-47-93, 71-46-93 телефондары не Qriim_mvdrk@mail.kz электронды мекенжайы бойынша жолдауға болады. Есеп беру кездесуі онлайн форматта өтеді, трансляция Facebook және Instagram әлеуметтік желідегі министрліктің ресми парақшасында, YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

17 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халыққа есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимде, ZOOM арқылы, министрліктің Facebook және YouTube сайттарында тікелей эфирде өтеді. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды 10 маусымға дейін келесі байланыс құралдарын пайдалана отырып жібере аласыз: министрдің Ашық диалог порталындағы блогы, министрліктің ресми сайтындағы "сұрақ-жауап" онлайн-қабылдау, электронды пошта: mti_press@mti.gov.kz, сонымен қатар министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасы.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
Қазақстан, мамыр, шаралар, оқиғалар
Загрузка...

Басты тақырып