Аңдатпа

Қазақстанда 20 мамырда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневНур-Султан виды города
Нур-Султан виды города  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 20 мамыр – 17 маусым аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

20 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Парламент сенатының пленарлық отырысы. Сенат отырысы палатаның www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

12.30 – "ҚР кәсіпорындарында қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету" тақырыбында баспасөз конференциясы. Спикерлер: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары – бас мемлекеттік еңбек инспекторы Оспанқұлов Төлеген Қапақұлы. Трансляция орталық коммуникациялар қызметінің Facebook-тегі ресми парағында және YouTube каналында тікелей эфирде көрсетіледі.

21 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің халыққа есеп беру кездесуі. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды ps@emer.kz электронды мекен-жайына жолдауға немесе байланыс орталығына 8 (7172) 32-32-89, 53-32-79 телефондары арқылы хабарласуға болады. Есептік кездесу онлайн форматта өтеді, трансляция орталық коммуникациялар қызметінің Facebook-тегі ресми парағында және YouTube каналында тікелей эфирде көрсетіледі.

НҰР-СҰЛТАН

16.00 - "А ты знаком с Алдар косе? " спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).

19.00 - "Шәмші" спектаклі (Музыкалық жас көрермен театры, Ж. Омаров көшесі, 47Б).

19.00 - "Ауыл хикаялары" спектаклі (Nomad City Hall, Мәңгілік ел көшесі 55/2, В2-3).

19.00 - "Братья Гримм" спектаклі (Горький атындағы театр, Кіші зал, Желтоқсан көшесі, 11).

19.00 - "Нибелунг жүзігі" симфониялық музыкас концерті. Театрға бармас бұрын Ashyq қосымшасын мобильді құрылғыға алдын ала орнатып алу керек. ("Астана Опера" театры, Үлкен зал, Қонаев көшесі, 1).

19.30 - "COVID-19" би қойылымы ("QAZAQSTAN" орталық концерт залы, Мәңгілік ел көшесі, 10/1).

АЛМАТЫ

12.00 - "Теремок" спектаклі (Алматы қаласының мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

18.30 - "Бес бойдаққа бір той" спектаклі (М. Әуезов атындағы драма театры, Абай даңғылы, 103).

18.30 – "Қызыл орамалды шынарым" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

19.00 - "Бір актілі балет кеші" спектаклі (Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Қабанбай батыр көшесі, 110).

19.00 - "Как важно быть серьёзным" спектаклі (Н. Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

19.00 - "Коңырқаз" концерті (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі 35).

19.30 – "Солнцестояние" спектаклі ("Трансформа" кеңістігі, Байзақов көшесі 280).

19.30 - "Царевна Несмеяна" спектаклі ("Сцена" театры, Рысқұлбеков көшесі, 28).

20.00 - "Любовь это... COSTя" спектаклі (ART-BUNKER, Досмұхамедов көшесі 78а).

26 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халыққа есеп беру кездесуі. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды a.alieva@qogam.gov.kz, m.abdikarimov@qogam.gov.kz электрондық пошталарына немесе +7 777 893 6921 нөміріне жіберуге болады. Есептік кездесу онлайн режимде министрліктің Facebook-тегі ресми парағында және бұқаралық ақпарат құралдарында тікелей эфирде көрсетіледі.

28 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің халыққа есеп беру кездесуі. Есеп беру кездесуі министрліктің және министрдің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында онлайн форматта жүргізіледі. 

11 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың халыққа есеп беру кездесуі. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды жұмыс күндері сағат 10:00-18:00 аралығында Call-орталықтың 8(7172) 71-47-93, 71-46-93 телефондары не Qriim_mvdrk@mail.kz электрондық мекенжайы бойынша жолдауға болады. Есеп беру кездесуі онлайн форматта өтеді, трансляция Facebook және Instagram әлеуметтік желідегі министрліктің ресми парақшасында, YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

17 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халыққа есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимде, ZOOM арқылы, министрліктің Facebook және YouTube сайттарында тікелей эфирде өтеді. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды 10 маусымға дейін келесі байланыс құралдарын пайдалана отырып жібере аласыз: министрдің Ашық диалог порталындағы блогы, министрліктің ресми сайтындағы "сұрақ-жауап" онлайн-қабылдау, электрондық пошта: mti_press@mti.gov.kz, сонымен қатар министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасы.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0