06:56 18 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD425.30
  • EUR501.05
  • RUB5.85
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
31 0 0

Sputnik Қазақстан 19 мамыр – 18 маусым аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

19 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Мәжілістің жалпы отырысы. Палатаның отырысы www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

10.00 – 15.30 – "Тұрмыстық зорлық-зомбылық: өзекті мәселелер мен шынайы әрекеттер" ғылыми-практикалық конференциясы. Мақсаты: тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу мен оны жоюға, агрессорлармен жұмыс жүйесін қалыптастыруға және балаларға қатысты зорлық-зомбылықты анықтауға қоғам назарын аудару. Конференция онлайн және оффлайн режимде өтеді.

Конференцияда сарапшылар, ғылыми мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдардың және Қазақстан, Германия, Франция, Чехия, Таиланд және Орталық Азияның мемлекеттік органдарының өкілдері сөз сөйлейді. Тіркелу 8 708 379 30 55 (Айжан) нөмірі бойынша 18 мамыр сағат 15.00-ге дейін жүргізіледі.

16.30 – "Елдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және вакцинация жүргізу барысы туралы" баспасөз конференция. Спикерлер: ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният, ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова.Трансляция орталық коммуникациялар қызметінің Facebook-тегі ресми парағында және YouTube каналында тікелей эфирде көрсетіледі.

НҰР-СҰЛТАН

10.00 –   Успен соборының аумағында пасха жұмыртқаларының көрмесі. Нұр-Сұлтан, Қарағанды ​​және Тараз қалаларының кәсіби қолөнершілері мен жас суретшілердің жұмыстары қойылады.

19.00 –  "Бопай ханым" спектаклі (Қ.Қуанышбаев атындағы театр, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 25/1).

19.00 –  Орыс үйінің YouTube арнасындағы "Думы мои, думы" онлайн концерті. Оған бүкілресейлік байқаулардың лауреаты, композитор Ирина Варапаева (Мәскеу), халықаралық байқаулардың лауреаты Батыржан Смақов, ҚазҰӨУ студенттік хор капелласы, "Станичники" казактардың халық хоры, сондай-ақ Қазақстан мәдениет саласының үздігі Ляйла Сейітова қатысады. Жүргізуші: Татьяна Бондарь Орналасқан жері: Нұр-Сұлтан, Кенесары көшесі, 39. Байланыс: +7 701 054 7177 (Ольга Скалчук).

19.00 – YouTube каналындағы Пасха мерекелік концерті. Қатысушылары: Нұр-Сұлтан Успен соборының хоры (хор регенті Ольга Варенцова), ҚазҰӨУ студенттік хоры (көркемдік жетекшісі Батыржан Смақов, хормейстер Марина Бухвалова), казактардың В.Иванов атындағы "Станичники" халық хоры (көркемдік жетекшісі және дирижері Наталья Иванова). Концертмейстер: Родион Кузяев. Қонақ дирижер: өнертану кандидаты Ирина Варапаева. Жүргізуші: Татьяна Бондарь. Орналасқан жері: Әулие Кирилл және Мефодий атындағы рухани-мәдени орталық, Күйші Дина көшесі, 27/1.

19.00 –  "Сайра, Бұлбұл" камералық-вокалды музыкалық концерті. Театрға бармас бұрын Ashyq қосымшасын мобильді құрылғыға алдын ала орнатып алу керек. ("Астана Опера" театры, Үлкен зал, Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Қызыл орамалды шынарым" спектаклі (Қ.Қуанышбаев атындағы театр, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 25/1).

19.00 – "Шәмші" спектаклі (Жас көрермендердің музыкалық театры, Ж. Омаров көшесі, 47Б).

19.00 - "Ауыл хикаялары" спектаклі (Nomad City Hall, Мәңгілік көшесі 55/2, В2-3).

19.00 - "Жаңа толқын" концерті ("Астана" концерт залы, Бейбітшілік көшесі, 1/1).

АЛМАТЫ

12.00 – "Дюймовочка" спектаклі (Мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

18.30 – "Таңсұлу" спектаклі (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 103).

18.30 – "Қара шекпен" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

18.30 – "Қара" пьесасы (Әуезов атындағы драма театры, Абай даңғылы, 103).

18.30 – "Енелер мен келіндер" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

19.00 – "Ars Amandi. Искусство любви" спектаклі (Н. Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

19.00 – "Любовный напиток" спектаклі (Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Қабанбай батыр көшесі, 110).

19.00 – "Шальные деньги" спектаклі (Лермонтов атындағы театр, Абай даңғылы, 43).

19.00 – "Браво, Лауренсия!" спектаклі (Н. Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

19.30 – "Человек подушка" спектаклінің премьерасы ("Трансформация" кеңістігі, Байзақов көшесі, 280).

21 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің халыққа есеп беру кездесуі. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды ps@emer.kz электронды мекен-жайына жолдауға немесе байланыс орталығына 8 (7172) 32-32-89, 53-32-79 телефондары арқылы хабарласуға болады. Есептік кездесу онлайн форматта өтеді, трансляция орталық коммуникациялар қызметінің Facebook-тегі ресми парағында және YouTube каналында тікелей эфирде көрсетіледі.

26 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халыққа есеп беру кездесуі. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды a.alieva@qogam.gov.kz, m.abdikarimov@qogam.gov.kz электрондық пошталарына немесе +7 777 893 6921 нөміріне жіберуге болады. Есептік кездесу онлайн режимде министрліктің Facebook-тегі ресми парағында және бұқаралық ақпарат құралдарында тікелей эфирде көрсетіледі.

28 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің халыққа есеп беру кездесуі. Есеп беру кездесуі министрліктің және министрдің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында онлайн форматта жүргізіледі. 

11 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың халыққа есеп беру кездесуі. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды жұмыс күндері сағат 10:00-18:00 аралығында Call-орталықтың 8(7172) 71-47-93, 71-46-93 телефондары не Qriim_mvdrk@mail.kz электрондық мекенжайы бойынша жолдауға болады. Есеп беру кездесуі онлайн форматта өтеді, трансляция Facebook және Instagram әлеуметтік желідегі министрліктің ресми парақшасында, YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

17 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халыққа есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимде, ZOOM арқылы, министрліктің Facebook және YouTube сайттарында тікелей эфирде өтеді. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды 10 маусымға дейін келесі байланыс құралдарын пайдалана отырып жібере аласыз: министрдің Ашық диалог порталындағы блогы, министрліктің ресми сайтындағы "сұрақ-жауап" онлайн-қабылдау, электрондық пошта: mti_press@mti.gov.kz, сонымен қатар министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасы.

18 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

14.30 – Қазақстан Республикасы энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың халыққа есеп беру кездесуі. Есеп беру кездесуі министрліктің сайтында және әлеуметтік желідегі Facebook парақшасында, YouTube арнасында онлайн форматта жүргізіледі. 
Азаматтарды белсенді қатысуға және сұрақтар қоюға шақырамыз. Телефондар: + 7 7172 786884, 786958, 786886 немесе электрондық пошта: m.nizamutdinova@energo.gov.kz. Бұқаралық ақпарат құралдарының сұрақтары zh.khamitkyzy@energo.gov.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
оқиғалар, шаралар, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып