Аңдатпа

Қазақстанда 16 мамырда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневВиды Нур-Султана
Виды Нур-Султана - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 16 мамыр – 11 маусым аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

16 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – "Еще раз о Русалочке" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы 3).

15.00 – Балалардың театрлық эскиздері. Театрға барар алдында "Ashyq" қосымшасын мобильді құрылғыға орнатуды сұраймыз ("Астана Опера" театры, Үлкен зал, Қонаев көшесі, 1).

18.00 – Гала балет. Театрға барар алдында "Ashyq" қосымшасын мобильді құрылғыға орнатуды сұраймыз ("Астана Опера" театры, Үлкен зал, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

11.00 –"Путешествие на воздушном шаре" спектаклі ("Трансформа" кеңістігі, Байзақов көшесі 280).

12.00 – "Планета Небывальдия" балаларға арналған интерактивті шоу (La Boheme театры, 2 павильон, Зенков көшесі 24).

12.00 – "Маугли" спектаклі (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

16.00 – "Царевна Несмеяна" спектаклі ("Сцена" театры, Рысқұлбеков көшесі, 28).

18.00 – Гала-концерт (Абай атындағы МОБАТ, Қабанбай батыр даңғылы, 110). 

18.00 – Ярослав Фридманның "Весенний саксофон" атты концерті (La Boheme, Зенков көшесі 24).

21 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің халыққа есеп беру кездесуі. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды ps@emer.kz электронды мекен-жайына жолдауға немесе байланыс орталығына 8 (7172) 32-32-89, 53-32-79 телефондары арқылы хабарласуға болады. Есептік кездесу онлайн форматта өтеді, трансляция орталық коммуникациялар қызметінің Facebook-тегі ресми парағында және YouTube каналында тікелей эфирде көрсетіледі.

26 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халыққа есеп беру кездесуі. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды a.alieva@qogam.gov.kz, m.abdikarimov@qogam.gov.kz электрондық пошталарына немесе +7 777 893 6921 нөміріне жіберуге болады. Есептік кездесу онлайн режимде министрліктің Facebook-тегі ресми парағында және бұқаралық ақпарат құралдарында тікелей эфирде көрсетіледі.

28 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 –  Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің халыққа есеп беру кездесуі. Есеп беру кездесуі министрліктің және министрдің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында онлайн форматта жүргізіледі. 

11 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 –  Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың халыққа есеп беру кездесуі. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды жұмыс күндері сағат 10:00-18:00 аралығында Call-орталықтың 8(7172) 71-47-93, 71-46-93 телефондары не Qriim_mvdrk@mail.kz электрондық мекенжайы бойынша жолдауға болады. Есеп беру кездесуі онлайн форматта өтеді, трансляция Facebook және Instagram әлеуметтік желідегі министрліктің ресми парақшасында, Youtube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0