16:11 09 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
44 0 0

Sputnik Қазақстан 5-26 мамыр аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

5 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

12.00 - "COVID-19-қа қарсы вакцинация туралы көкейкесті сұрақтарға жауап" тақырыбындағы "Experts Hub Kazakhstan" жобасының сарапшыларымен онлайн дөңгелек үстел. Спикерлер: медицина докторы, "Medsupportkz" жобасының өкілі Каукенова Ботагөз Нұрланқызы; дәрігер-педиатр, жоғары санаттағы маман Ералиева Ләззат Тасболатовна;  биология ғылымдарының магистрі, қатерлі ісік орталығының PhD студенті Сурумбаева Айжан Қуатбекқызы; акушер-гинеколог, жүктілік саласының маманы Қыстаубаева Анар Серікқызы;  уролог-андролог Қарамамұд-оғлы Джевдет Халелович; невролог-дәрігер, неврология және эпилептология маманы Дайырбаева Лейла Оралғазықызы.

12.30 – "Елімізде өрт қауіпі бар кезеңінің өтуі туралы" тақырыбындағы баспасөз конференциясы. Спикерлер: өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов, мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Ерлан Турегелдиев. Трансляция орталық коммуникациялар қызметінің Facebook-тегі ресми парағында және YouTube каналында тікелей эфирде көрсетіледі.

16.00 – Денсаулық сақтау министрінің халық алдында есеп беру кездесуінің қорытындысы тақырыбындағы баспасөз конференциясы. Спикерлер: Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова. Трансляция орталық коммуникациялар қызметінің Facebook-тегі ресми парағында және YouTube каналында тікелей эфирде көрсетіледі.

21 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің халыққа есеп беру кездесуі. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды ps@emer.kz электронды мекен-жайына жолдауға немесе байланыс орталығына 8 (7172) 32-32-89, 53-32-79 телефондары арқылы хабарласуға болады. Есептік кездесу онлайн форматта өтеді, трансляция орталық коммуникациялар қызметінің Facebook-тегі ресми парағында және YouTube каналында тікелей эфирде көрсетіледі.

26 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халыққа есеп беру кездесуі. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды a.alieva@qogam.gov.kz, m.abdikarimov@qogam.gov.kz электрондық пошталарына немесе +7 777 893 6921 нөміріне жіберуге болады. Есептік кездесу онлайн режимде министрліктің Facebook-тегі ресми парағында және бұқаралық ақпарат құралдарында тікелей эфирде көрсетіледі.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
Қазақстан, оқиғалар
Загрузка...

Басты тақырып