Аңдатпа

Қазақстанда 30 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевОсенние улицы Нур-Султана
Осенние улицы Нур-Султана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 30 сәуір мен 26 мамыр аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

30 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 - Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың халық алдында есеп беруі. Кездесуде министр ведомствоның 2020 жылғы жұмысын қорытындылайды және алдағы жоспарлар жайлы айтады, сондай-ақ азаматтардың сұрағына жауап береді. Есеп беру кездесуі министрліктің ресми сайтында тікелей эфирде көрсетіледі. Министрге сұрақты мына электронды мекенжайға жіберуге болады: s.kopeev@dsm.gov.kz.

14.30 – "Қарулы күштерде заттай мүлікпен қамтамасыз ету және тамақтандыруды ұйымдастыру" тақырыбында баспасөз конференциясы. Спикерлер: Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласов,  қорғаныс министрлігі киім-кешек басқармасының бастығы Әсет Оразалин, азық-түлік басқармасының бастығы  Қайнар Сманов. Трансляция орталық коммуникациялар қызметінің Facebook-тегі ресми парағында және YouTube каналында тікелей эфирде көрсетіледі.

16.00 – ЕАЭО мүше мемлекеттер үкімет басшыларының қатысуымен өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы қорытындысы бойынша Қазан - Мәскеу - Нұр-Сұлтан - Бішкек - ​​Ереван - Минск бейнекөпірі. Журналистердің сұрақтарына ЕЭК ресми өкілі, ЕЭК алқасы төрағасының көмекшісі Ия Малкина жауап береді. Видеокөпір Sputnik.kz сайтында және біздің Facebook парақшамызда көрсетіледі. Сұрақтарды a.nurgazinova@sputniknews.com мекенжайына жіберуге болады.

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – "Чайковский, Рахманинов, Пьяццолла…" спектаклі. Театрға кіру үшін ұялы телефоныңызда жүктелген Ashyq қосымшасы немесе жеке куәлігіңіз болуы қажет. 65 жастан асқандарға кіруге болмайды ("Астана Опера" театры, камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Гроза" спектаклі (Горький атындағы театр, Кіші зал, Желтоқсан, 11).

21.00 – "Мұқағали" спектаклі (Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі 25/1).

21.00 – "Ұйқым келмейді" спектаклінің премьерасы (Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі 25/1). 

АЛМАТЫ

19.00 – "Абай" спектаклі. Театрға кіру үшін ұялы телефоныңызда жүктелген Ashyq қосымшасы немесе жеке куәлігіңіз болуы қажет. 65 жастан асқандарға кіруге болмайды(Абай атындағы МОБАТ, Қабанбай батыр даңғылы, 110).

20.00 – "Я (не) люблю Алматы" спектаклі (ART-BUNKER, Досмұхамедов көшесі, 78а).

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

11.00 - Құқық қорғау органдары академиясының аумағында Ұлы Отан соғысы батырларына арналған Даңқ мемориалының ашылуы. Іс-шараға бас прокурордың бірінші орынбасары Берік Асылов, академияның құрметті профессоры, әділет генерал-лейтенанты Ерғали Мерзадинов қатысады. Сондай-ақ, қонақтар арасында Рақымжан Қошқарбаевтың қарындасы Рымжан Мұсабекқызы да бар (Қосшы ауылы, Республика көшесі, 16).

1 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – "Атамекен" спектаклі (Қуыршақ театры, Республик даңғылы 3).

18.00 – " Махаббат пен достық үні" концерті. Театрға кіру үшін ұялы телефоныңызда жүктелген Ashyq қосымшасы болуы қажет. 65 жастан асқандарға кіруге болмайды ("Астана Опера" театры, камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

18.00 – "Примадонна" спектаклі (Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры, Омаров көшесі 47б)

АЛМАТЫ

16.00 – " Царевна Несмеяна" спектаклі (Сахна театры, Рысқұлбеков көшесі 28, корпус 2, "Бай-Тал" ТК).

19.00 –  "Гамлет" спектаклі (ARTиШОК театры, Гоголь көшесі 40).

20.00 – "Чудо" спектаклі (ART-BUNKER, Досмұхамедов көшесі, 78а).

2 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – "Атамекен" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы 3).

17.00 – "Жас Абай" спектаклі (Nomad City Hall, Мәңгілік ел көшесі, 55/2 , В2-3).

18.00 – "Светлые думы" спектаклі (Горький атындағы театр, Кіші зал, Желтоқсан, 11).

18.00 – "Astana Ballet-тегі ұлттық хореография кеші" спектаклі ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы 9). 

АЛМАТЫ

12.00 – "Золотой ключик" спектаклі. Театрға кіру үшін ұялы телефоныңызда жүктелген Ashyq қосымшасы немесе жеке куәлігіңіз болуы қажет. 65 жастан асқандарға кіруге болмайды(Абай атындағы МОБАТ, Қабанбай батыр даңғылы, 110).

16.00 – " Царевна Несмеяна" спектаклі (Сахна театры, Рысқұлбеков көшесі 28, корпус 2, "Бай-Тал" ТК).

16.00 – "£¥€$ (Ложь)" спектаклі ("Трансформа", улица Байзакова, 280).

18.00 – "На разных языках романса" концерті. Театрға кіру үшін ұялы телефоныңызда жүктелген Ashyq қосымшасы немесе жеке куәлігіңіз болуы қажет. 65 жастан асқандарға кіруге болмайды(Абай атындағы МОБАТ, Қабанбай батыр даңғылы, 110).

20.00 – "Взломанный" спектаклі. (ART-BUNKER, Досмұхамедов көшесі, 78а).

3 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 – "Гамлет" спектаклі (ARTиШОК театры, Гоголь көшесі 40).

21 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің халықпен есеп беру кездесуі. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды ps@emer.kz электронды мекен-жайына жолдауға немесе байланыс орталығына 8 (7172) 32-32-89, 53-32-79 телефондары арқылы хабарласуға болады. Есептік кездесу онлайн форматта өтеді, трансляция орталық коммуникациялар қызметінің Facebook-тегі ресми парағында және YouTube каналында тікелей эфирде көрсетіледі.

26 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халықпен есеп беру кездесуі. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды a.alieva@qogam.gov.kz, m.abdikarimov@qogam.gov.kz электрондық пошталарына немесе +7 777 893 6921 нөміріне жіберуге болады. Есептік кездесу онлайн режимде министрліктің Facebook-тегі ресми парағында және бұқаралық ақпарат құралдарында тікелей эфирде көрсетіледі.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0