Аңдатпа

Қазақстанда 28 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевОсенние улицы Нур-Султана
Осенние улицы Нур-Султана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 28 сәуір мен 26 мамыр аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

28 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

15.00 – Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы. Күн тәртібі: "Бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы". Сессия жұмысына онлай-форматта 600-ден астам адам қатысады. Олардың арасында ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйым басшылары, шығармашылық қауым мен БАҚ өкілдері бар.

15.00 – Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне арналған "Ел үмітін ер ақтар" атты кездесу. Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат, қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Халық Қаһарманы Мұхтар Алтынбаев, генерал-лейтенант, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев, генерал-лейтенант Абай Тасбулатов, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев, контр-адмирал Ратмир Комратов, генерал-полковник Сәкен Жасұзақов, сондай-ақ қорғаныс министрлігінің өкілдері Қазақстанның әскери-саяси стратегиясының өзекті мәселелерін, елдің әскери доктринасының талаптарына сәйкес әскердің жаңа келбетін қалыптастыруды талқылайтын болады. 

30 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың халық алдында есеп беруі. Кездесуде министр ведомствоның 2020 жылғы жұмысын қорытындылайды және алдағы жоспарлар жайлы айтады, сондай-ақ азаматтардың сұрағына жауап береді. Есеп беру кездесуі министрліктің ресми сайтында тікелей эфирде көрсетіледі. Министрге сұрақты мына электронды мекенжайға жіберуге болады: s.kopeev@dsm.gov.kz.

21 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің халықпен есеп беру кездесуі. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды ps@emer.kz электронды мекен-жайына жолдауға немесе байланыс орталығына 8 (7172) 32-32-89, 53-32-79 телефондары арқылы хабарласуға болады. Есептік кездесу онлайн форматта өтеді, трансляция орталық коммуникациялар қызметінің Facebook-тегі ресми парағында және YouTube каналында тікелей эфирде көрсетіледі.

26 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халықпен есеп беру кездесуі. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды a.alieva@qogam.gov.kz, m.abdikarimov@qogam.gov.kz электрондық пошталарына немесе +7 777 893 6921 нөміріне жіберуге болады. Есептік кездесу онлайн режимде министрліктің Facebook-тегі ресми парағында және бұқаралық ақпарат құралдарында тікелей эфирде көрсетіледі.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0