07:45 07 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
39 0 0

Sputnik Қазақстан 27 сәуір мен 26 мамыр аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

27 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

09.00 - Үкімет отырысы. Күн тәртібінде санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайты мен әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда онлайн режимде көрсетіледі. 

28 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

15.00 – Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы. Күн тәртібі: "Бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы". Сессия жұмысына онлай-форматта 600-ден астам адам қатысады. Олардың арасында ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйым басшылары, шығармашылық қауым мен БАҚ өкілдері бар.

30 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың халық алдында есеп беруі. Кездесуде министр ведомствоның 2020 жылғы жұмысын қорытындылайды және алдағы жоспарлар жайлы айтады, сондай-ақ азаматтардың сұрағына жауап береді. Есеп беру кездесуі министрліктің ресми сайтында тікелей эфирде көрсетіледі. Министрге сұрақты мына электронды мекенжайға жіберуге болады: s.kopeev@dsm.gov.kz.

21 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің халықпен есеп беру кездесуі. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды ps@emer.kz электронды мекен-жайына жолдауға немесе байланыс орталығына 8 (7172) 32-32-89, 53-32-79 телефондары арқылы хабарласуға болады. Есептік кездесу онлайн форматта өтеді, трансляция орталық коммуникациялар қызметінің Facebook-тегі ресми парағында және Youtube каналында тікелей эфирде көрсетіледі.

26 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халықпен есеп беру кездесуі. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды a.alieva@qogam.gov.kz, m.abdikarimov@qogam.gov.kz электрондық пошталарына немесе +7 7778936921 нөміріне жіберуге болады. Есептік кездесу онлайн режимде министрліктің Facebook-тегі ресми парағында және бұқаралық ақпарат құралдарында тікелей эфирде көрсетіледі.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
Қазақстан, оқиға
Загрузка...

Басты тақырып