07:30 07 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
47 0 0

Sputnik Қазақстан 22-30 сәуірде өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

22 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

12.30 – Азаматтық бастамаларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша брифинг. Спикерлер: ақпараттық және әлеуметтік даму вице-министрі Болат Тілепов, мәжіліс депутаты Вера Ким, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ басқарма төрағасы Лима Диас. Трансляция сілтемесі: www.youtube.com; facebook.com.

16.30 – "Болашақ" халықаралық бағдарламасын іске асыру туралы брифинг. Спикерлер: білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов, "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Айнұр Кәрібозова, білім және ғылым министрлігі халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Еркебұлан Буранбаев. Тікелей эфир сілтемесі: www.youtube.com; facebook.com.

10.00 – Парламент сенатының отырысы. Күн тәртібінде депутаттар Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы адамдарды беру туралы шарттарды ратификациялау туралы мәселені қарайды. Оның қабылдануы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету тәртібін орнатуға, сондай-ақ елдеріміз арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндік береді.

Сенат отырысы палатаның www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

АЛМАТЫ

19.00 – "В главной роли..." спектаклі ("Өркен" театр студиясы, ағайынды Абдуллиндер көшесі 38).

23 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – "Бақшасарай бұрқағы" балеті. 65 жастан асқандарға кіруге болмайды ("Астана Опера" театры, камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

19.30 –"Сұлтан Бейбарыс" спектаклі ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы 9). 

АЛМАТЫ

19.00 – "Любовница" спектаклі ("Өркен" театр студиясы, ағайынды Абдуллиндер көшесі 38).

19.00 – "PUSHKIN Stand Up" спектаклі (БАТА театры, Мақатаев көшесі 127/3).

19.30 – "Солнцестояние" спектаклі ("Трансформа" кеңістігі, Байзақов көшесі 280).

20.00 – "Игроки" спектаклі (ART-BUNKER, Досмұхамедов көшесі 78а).

24 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

18.00 –"Сұлтан Бейбарыс" спектаклі ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы 9). 

АЛМАТЫ

12.00 – "Читки пьес уральских режиссеров" спектаклі (ART-BUNKER, Досмұхамедов көшесі 78а).

19.00 – "Любовница" спектаклі ("Өркен" театр студиясы, ағайынды Абдуллиндер көшесі 38).

20.00 – "Мечта" спектаклі (ART-BUNKER, Досмұхамедов көшесі 78а).

25 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

17.00 – "Бақшасарай бұрқағы" балеті. 65 жастан асқандарға кіруге болмайды ("Астана Опера" театры, камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

12.00 – "Читки пьес уральских режиссеров" спектаклі (ART-BUNKER, Досмұхамедов көшесі 78а).

20.00 – "Мертвые" спектаклі (ART-BUNKER, Досмұхамедов көшесі 78а).

30 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың халық алдында есеп беруі. Кездесуде министр ведомствоның 2020 жылғы жұмысын қорытындылайды және алдағы жоспарлар жайлы айтады, сондай-ақ азаматтардың сұрағына жауап береді. Есеп беру кездесуі министрліктің ресми сайтында тікелей эфирде көрсетіледі. Министрге сұрақты мына электронды мекенжайға жіберуге болады: s.kopeev@dsm.gov.kz.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
Қазақстан, оқиғалар
Загрузка...

Басты тақырып