20:49 18 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.39
  • EUR515.52
  • RUB5.68
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
52 0 0

Sputnik Қазақстан 8-30 сәуірде өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

9 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

15.00 – Орталық коммуникациялар қызметінде "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның және өңірлік комиссиялардың (филиалдардың) ағымдағы жұмысы" тақырыбында онлайн-брифинг. Спикерлер: ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. Брифингті онлайн көруге арналған сілтемелер: youtube.comfacebook.com.

19.00 – "Stand Up. Құрама концерт" (Korean House, Тұран көшесі, 23).

19.00 – "Жұмадағы Stand Up" (The Beer Yard Pub, Сәтпаев көшесі, 13/1).

10 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

20.00 – Әнші Emin-нің концерті («QAZAQSTAN» ОКЗ гастроль сахнасы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1.).

АЛМАТЫ

19.00 – Ballet Globe IV халықаралық фестивалінің аясында "Лебединое озеро" спектаклі (Абай атындағы МОБАТ, Қабанбай батыр даңғылы, 110).

20.00 – "Любовь это... COSTя" спектаклі (BUNKER ART-бөлмесі, Досмұхамедов көшесі, 78а).

11 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

АЛМАТЫ

20.00 – "Любовь это... COSTя" спектаклі (BUNKER ART-бөлмесі, Досмұхамедов көшесі, 78а).

12 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – "Халықтан заңсыз сақтаулы қару-жарақты, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізу туралы" ішкі істер министрлігінің брифингі. Спикерлер: ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Милюк Алексей Казимирович, ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетінің бөлім басшысы Ыдырысов Асылбек Түлкібекұлы. Брифинг тақырыбы бойынша сұрақтарды 9 сәуір сағат 18:30-ға дейін mvd_pr@mail.ru электронды поштаға немесе 8 705 440-83-65 нөміріне (WhatsApp) жолдауға болады.

11.00 – Елорданың оң жағалауындағы Елбасы кітапханасының музейінде "Адамға табын, жер, енді" халықаралық онлайн көрмесі өтеді. Көрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізіліп отыр. Сондай-ақ бұл шара Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуының 60 жылдығына және Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшуының 30 жылдығына арналған (Бейбітшілік көшесі, 11).

БАЙКОҢЫР

"Ғарыштағы алғашқы адамдар" мерекелік концерті. Шараға танымал музыканттар мен актерлер, симфониялық оркестр қатысады. Концерт Байқоңыр ғарыш айлағының №1 ұшу алаңындағы "Гагарин стартында" өтеді.

Концертті Ресей Федерациясының мәдениет министрлігі, Ресей Федерациясы президенті әкімшілігі және адамзаттың алғаш рет ғарышқа ұшуының 60 жылдығын атап өту бойынша ұйымдастыру комитетінің қолдауымен Бүкілресейлік мемлекеттік телевизиялық және радиотарату компаниясымен бірлесіп орыс концерт агенттігі ұйымдастырды. Жобаның көркемдік жетекшісі – ресейлік танымал музыкант Юрий Башмет.

Концерт сценографиясында заманауи айрықша технологиялық құралдар қолданылады. Салтанатты кеште әлемнің түрлі елінен келген танымал композиторлар ғарыш пен жаңа кеңістікті игеруге арналған музыкалық туындыларының таныстырылымын өткізеді.

30 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой есеп беру үшін халықпен кездеседі. Кездесуде министр ведомствоның 2020 жылғы жұмысын қорытындылайды және алдағы жоспарлар жайлы айтады, сондай-ақ азаматтардың сұрағына жауап береді. Есеп беру кездесуі министрліктің ресми сайтында тікелей эфирде көрсетіледі. Министрге сұрақты мына электронды мекенжайға жіберуге болады: s.kopeev@dsm.gov.kz.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
оқиғалар, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып